Оқу әдістемелік кешен



бет28/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
7.7. Жаңа дәуір философиясы

1. Р.Декарт пен Ф.Бэкон таным әдістері жөнінде.


2. Жаңа дәуір субстанция мәселесі.
3. XVII-XVIIIғғ. Ағылшын идеализмі.
4. XVIII ғ.француз материализмі.

1. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен жаңалықтар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл – ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми-зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс. Қозғалыс – материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту – адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп, табынушылық жалған экспериментекенін түсінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.


Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) – Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар, таным процесінде қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз – денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан геометрия – ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі – есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, бөлу, көбейту, т.б.).
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан, жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет жасанды дене (левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдықталап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң – азаматтардың ар-ожданы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет