Оқу әдістемелік кешен



бет30/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
2. Джордж Беркли (1684-1753 жж.) – ағылшын философы. Негізгі еңбегі – «Танымның бастамасы туралы трактат».
Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол – сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі – «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.
Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, Құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен алыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы – үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі, Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегі арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректердентрансценденттік идеяларға (Құдай, «мәңгі өлмеу», т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты – тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет