Оқу әдістемелік кешен



бет38/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
«Зар заман» ақындары. «Зар заман» деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты.
Бұл кезең патшалық отарлау саясатының ең күшіне енген кезеңі еді. Қазақстанның Ресей құрамына енуі қазақ халқының тәуелсіздігінен айрылып, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді. Осыған орай, кәсіби шаруашылықтың ыдырауы халық арасында сары уайымшылдық пен болашақтан күдер үзушілік пиғылдарын тудырды.
Осынау бір ел басына күн туған қиын сәт кезеңінде елдің, жердің қамын ойлап, Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындар азаттық пен еркіндікті аңсап, орыстандыру саясатына тікелей қарсы шығып, халқына отты жырларымен ұран тастады.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына арқау етеді.
Дулаттың пайымдауынша, өткен өмір бостандық пен молшылыққа толы өмір еді, ру мен тайпа мүшелері тең құқылы болды. Ол патриархалдық, хандық заманды көкседі.
Бұл ақынның «Ата қоныс Арқадан» деген толғауынан байқалады. Дулат ақынның пікірінше, заман өзгерді, халыққа басшы болып ел билейтін хандар, ел қорғайтын батырлар келмеске кетті. Өмір тұйыққа тірелді, жердің қадірі кетті, адамдарда береке қалмады деп, халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Оның «Оның шұбырынды, Алқакөлсұламаны» еске алуы кездейсоқ емес-ті.Дулат, тіпті, сол заманның өзінде-ақ, ел тоналып, жұрт өзінің тұрған жерінен безгенде, халық күш жинап, ата-баба қонысы Сарыарқаға оралды дейді.
Дулат Абылай хан басқарған дәуірді жоғары көтеріп, оның ел билеген заманын қазақ халқының басына қонған «алтын заман» еді деп аңсайды. Себебі Абылай бүкіл қазақ халқының басын біріктіріп, жоңғарларды қазақ жерінен қуып, елді, жерді сақтап, халыққа бостандық алып берді деп, осындай ел ішінен шыққан дара тұлғаларды дәріптеп, қиын сәтте елдің намысын қорғар, басын біріктірер ер-азаматтардың қашанда болғанын аңсайды.
Бұдан Дулаттың сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді үлкен сезімталдықпен ұғынып, оны шығармаларына арқау ете білгенін байқаймыз.
Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер-суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы.
Дулат ақынмен қатар өмір сүрген зар заман ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ақынның философиялық толғауларының бірі «Зар заман» деп аталады.
Енді осы толғауларынан үзінді келтірейік:
Мынау ақырзаманда
Алуан-алуан жан шықты,
Адамы араз қан шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты, -
дейді.
«Қарағай басын шортан шалған» заманның келгенін, адамдар арасындағы қадір, сыйлаушылық кете бастап, заманның азғанын, бай мен төренің дүниеге құнығып, бір-біріне қайырсыз болғанын, малды айырбас сауданың орнына ақшаның дүниеге келуі адамдардың қадір-қасиетін кетіріп, пиғылын өзгерткенін айтады. Көшпелі мал шаруашылығына бейімделген қазақ тұрмыс-салтының күйреуі қоғамдағы адамгершілік ережелерін бұзды. Ол ақырзаманның жақындауының белгісі деп ұқты. Қайырымды байлар сараң, дүниеқор болды, кедейлерге, әлсіздерге көмек беруді қойды. Екіжүзділік, зұлымдық тұрмыс салтына айналды деп қынжылады.
Мұның өзі зар заман!
Зарлығының белгісі –
Ұл сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс хан қойды
Некесіз туған шатасын...
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап,
Кешкіғұрым болғанда,
Құлан менен бұландай
Үйге тұрмас ойқастап... –
деп, ата мен баланың арасында сыйластық кетті, көрінген адам хан қойылып, билікке таласты, яғни қалыпты өмірдің сеңдей бұзылып, болашағы бұлдыр қияметке айналғандығының нақты көрінісі деп бағалап, Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қарамастан, өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды.
Шортанбай ақынның Ресей патшалығының отарлау саясатына тікелей қарсы шығуы оның әлеуметтік-философиялық дүниетанымының бір қырын көрсетеді. Бұл саясат еркіндікке улы тырнағын батырып, тұншықтыра түсті. Елдің қабырғасын қайыстырып, қалыпты тіршіліктің қабырғасын қақыратып сөкті деп зарлайды Шортанбай:
Қыс көбейді, жаз аз боп,
Бай таусылды, мал аз боп.
Ағаны іні көрмеді,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжамы
Келе жатыр жақындап.
...Орыс – бүркіт – біз түлкі,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды...
Міне, біздер ақынның осы толғауларынан байқайтынымыз, орыстандыру саясатының тікелей қарқынынан шошып, ақын қазақ тұрмысына, болмысына орыс мінез-құлқының қайсыбір жаман жақтары әсер етуіне наразылық білдірді. Ол қазақ қоғамындағы ескі заманнан бері атадан балаға ауысып отырған адамгершілік ережелерінің, нормаларының «бұзылуын» осы ене бастаған жаңа саясаттың әсерінен деп пайымдайды.
Осы қайшылықтарды шешу, одан құтылу жолын Шортанбай өткен өмірге, ескі тәртіпке қайта оралудан көрді. Әрине, бұл түсінікті де. Жүздеген жылдар бойы халық санасына, тұрмысына сіңіп қалған ұлттық салт-дәстүрді, оның болмысын, психологиясын бірден күштеу арқылы күрт өзгерту кімдерді болса да үлкен түсініксіздікке, торығуға, сары уайымға салынуға алып келері сөзсіз еді. Бұл кезеңді қазақ халқының басына төнген үлкен қайғы-қасірет деп түсінді зар заман ақындары.
Сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтар Шортанбай дүниетанымына да әсер етпей қалған жоқ. Бұл жағдай оның қоғам өмірі жайлы пайымдауларына да қайшы пікірлер алып келеді. Ол қайшылықтар орынды, тарихи тұрғыдан алғанда түсінікті де. Бұл ақынның өмір сүрген дәуіріндегі әлеуметтік топтарға тән қайшылықтар еді. Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды, қазақ қауымының жаңа тұрмыс-салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, солардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат-мүддесін қорғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет