Татар тілі (Еділ, Астрахань, Сібір)
Татар (татар, болғар, қазанлы; өзге тілдердегі атаулары. мар.сүас,удм. бигер, қалм. мангот, қазақ., қарақалп., нуғай; қазан татарларының мишарлық атаулары: лехор, ногир; этн. топтары: қазан, қасым, астрахань, орал, сібір татарлары, мишарлар, сергачтар, тептярлар, шоқынған татарлар – кряшендер) – түркі тілдері қыпшақ тобы қыпшақ-бұлғар топшасының тілі, жекелеген диалектілері өзге топтар мен топшаларға жақындайды.
Ерекшеліктері:
Фонетикасында – 13 дауысты;
татар тіліндегі е, и, у дыбыстарының өзге түркі тілдеріндегі и, е, о (сигез «сегіз», умбиш «он бес») түрінде жұмсалуы;
лабиалды (о-ға жуық) å: бåлåлåрға «балаларға»;
сөз басындағы дж (джиде «жеті»);
қ, нъ дыбыстарының сақталуы;
дауыстылардың дәйекті (буын) жуан//жіңішке және ерін үндестігі: болотло «бұлтты», бөтөнлөк «бүтінлік»;
Достарыңызбен бөлісу: |