Ч фонемасының болмауы және оның ш дыбысымен алмасуы, ал ш
дыбысының с дыбысымен алмасуы, мысалы, қаш - < кач- «қашу», қыс < қыш «қыс» т.б;
Көрші дауыссыз дыбыс ықпалымен жүзеге асырылатын м~б~н
сәйкестігі;
Дауыссыз дыбыстар позициясына орай болатын и~д~т
сәйкестіктері т.б.
ҚЫПШАҚ-ПОЛОВЕЦ ТІЛДЕРІ:
Қарайым тілі
Қарайым тілі (қарай, қарай – карайим, караит) – түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады.
Тракай және галич диалектілерінің арасындағы айырмашылықтар:
Фонетикасы бойынша -ө/э, ү/и, а/е, ш/с, ж/з, дж/дз, эй/ай, нъл/лл, й/н сәйкестіктері, ауслаутта х/к (қ): өп/эп – «өбу, сүю», кельгяньляр/кельгеньлер «олар келді/келгендер», баш/бас «бас», тережя/терезе «терезе», ач/ац «аш (қарны аш)», джан/дзан «жан», бармах/бармак «бармақ/саусақ», булэй/булай «былай/бұлай», энъли/элли «елу», майа/манъа «маған»;
и, е дыбыстарының алдында келетін т’/к: тис/кис «тіс», келди/келги «келді»;
Морфологиясы бойынша - жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғаулары әртүрлі формаларда қолданылады: -мын,-мин/ -мен, -м; -сын, -син/ -сен, -с; -й,/ -н; -йыз, йиз, -йуз, - йүз / -ныз, -низ, -нуз, -нүз;
Екі диалектіде де есімше – адоған тұлғасында жұмсалады: барадогон «бара жатқан»;
Достарыңызбен бөлісу: |