ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет38/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Байланысты:
6 Лекция Кыпшактану

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

1. М.Қашқари түркі тілдерінң қалай жіктеді?

2. Түркі тілдерін жіктеуде В.В.Радлов классификациясының орны.

3. Ф.Корш, А.Н.Самойлович классификациясының өзіндік ерекшелігі неде?

4. Н.А.Баскаков классификациясының маңызы.

5. Түркі тілдерін жіктеуде қандай жаңаша тұжырымдар бар?


Дәріс №14.Қыпшақ тобы тілдерінің жүйелік ерекшеліктері
Н.А.Баскаков (1969) қыпшақ тілдерін Батыс хүн тілдері тобына жатқызып, мынадай үш топшаға бөледі:

  1. Қыпшақ-бұлғар : орта ғасыр батыс Алтын Орда әдеби тілі мен қазіргі башқұрт,татар;

  2. Қыпшақ-ноғай: қазақ, қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі(ж-мен сөйлеушілер),;

  3. Қыпшақ-половец: көне половецтер (қыпшақтар, кумандар) тілі мен қазіргі құмық, қарашай-балқар, қырым татарлары, қарайым, қырымшақ;

Сонымен, «Қазақ тілінің шығу тарихы: фонетика» (Т.1.,бірінші кітап. Алматы, 2013) кітабындағы тың деректерге сүйенсек қыпшақ тілдері мынадай топтарға бөлінеді:

Қыпшақ-половец тілдері

Армян-қыпшақ

Қарайым


Қарашай-балқар

Қырым татарлары тілі (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты және қыпшақ диалектілері) – Қырым; Добруджы, Румыния; Түркия

Қырымшақ

Куман (половец, қыпшақ-половец)

Құмық

Татар (қыпшақ субстраты және татарлардың қыпшақ диалектілері)



Үрім (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты, қыпшақ-половец және қыпшақ-оғыз диалектілерінің қыпшақ говоры)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет