Оқу-әдістемелік кешеніні


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет22/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

      1. Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.

      2. Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.

      3. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

      4. Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

      5. Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

      6. Тәрбие әдістерін таңдап алуда қандай факторға сүйенуге болады.



Әдістемелік нұсқаулар
Семинар сұрақтары педагогикалық қолдау мәселелерін қарастыратын болғандықтан, негізгі ғылыми түсініктердің мәнін ашу үшін педагогикалық-психологиялық сөздікті қолдануды ұсынамыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г
3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г


Дәріс № 4
Тәрбие технологиясы-тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі

1.Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары.


2.Ойын технологиясы ұжымдық шығармашылық істер технологиясы.

«Педагогика технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері. Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.


Теориялық білімнің дәйектілігі тәжірибеде анықталады. Бұған технология ұғымы бірге қарастырылады. “Технология” сөзі “техно және “логос”, яғни “өнер”, “шеберлік” және “ғылым” сөздерінен құралған. Бұл термин көбінесе өндірістік салада көп қолданылады. Өндірістік тұрғыдан алғанда, технология – түрлі ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрект негізінде технология және өнерлік сипат болады. Өнер – интуицияны, технология – ғылымды арқау етеді.Технология жоқ жерде жеке шеберлік үстемдік етеді. Дегенмен”ұжымдық шеберліктің” жинақы көрінісі технологияға айналады. Тәрбие ордасы мектеп пен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Екеуі де белгілі тапсырысты орындайды, сәйкес материалдық базасы болуы қажет. Тәрбие жүйесі қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, сондай-ақ педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын құрастырады. Ерекшеліктері:
- Тәрбие процесін жеке операцияларға бөлуге болмайды, сондықтан ол – біртұтас.
- Біртұтас болғандықтан тәрбие жалпы технологияға негізделгенімен жеке шеберлікпен ұштасады.
- Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ.
Қазіргі кезде жеке интуитивті жасалған әдістерден гөрі, ғылыми негізделген жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Тәрбие бойынша тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі кейінгі кезде бұзылды. Бұл олқылықты толықтыру бағытында тәрбие технологиялары мына талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта: санасына, сезіміне, қылықтарына әсер ету;
2. Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;
3. Тәрбиеге қатысты барлық формалардың бірлігі мен реттілігі – кезек күттірілмес шарттылығында;
4. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Бұнда тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар, олардың өзара байланысы міндетті түрде ескерілуі қажет.
Тәрбие технологиясын жүзеге асыру, бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі және олар кез-келген тәрбие істерінде қолданылады:
І. Мақсатты анықтау.
ІІ. Жоспарлау.
ІІІ. Дайындық және ұйымдастыру.
ІҮ. Жұмыстың міндетті түрде іске асырылуы немесе барысы.
Ү. Нәтижелерді талдау.
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда.Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үйымының бірігуі нәтижесінде баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру, мектеп істеріне қатысу, түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады. Айына бір рет кеңес отырысын өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып шешеді. Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен кездесу кештері болып тұрады. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер", "Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет