Сыныпжетекшісі - сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог. Ол сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, тәрбиелік ықпалдарды бағыттаушы болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметтік мәртебесі болып сынып тәрбиешісі, сынып жетекшісі, сынып кураторы танылған. Сынып жетекшілікті сол сыныпта сабақ берумен сабақтастырған дұрыс. Жоғары сыныптарда кураторлық қызмет кең таралған. Сынып жетекші жұмысының мақсатын, мазмұнын, формасын мәртебесі белгілейді. Жұмыстың міндеттері, мазмұны мен формалары балалар мен ата-аналардың сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, сынып, мектеп, социумның жағдайларымен, педагогтың мүмкіншіліктерімен белгіленеді.
Педагогтың ролі баланың жасына, тәжірибесіне тәуелді: жұмысты ұйымдастырушыдан кеңес берушіге дейін өзгеруі мүмкін. Сынып жетекші оқушылардың түрлі іс-әрекетін (танымдық, еңбек, эстетикалық, қарым-қатынас) ұйымдастырады, ұжымды қалыптастырады, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланыс жасайды, ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынастарын реттейді.
Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, оқушыға жасалатын түрлі тәрбиелік ықпалдарды реттеуші сынып жетекші болып табылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушыларға ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және сыныптан тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру және т.б.
Мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық.Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі.Тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен емін-еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.Оған: нақтылау, мақсат қою, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің диагностикалық картасы жасалады. Осыған сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады. Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге, өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді. Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды еткізудің интерактивті түрлері қолданылады. Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.