Әдістемелік ұсыныстар: 1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.
№9 семинар тақырыбы: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары.
Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарына талдау жасап, ерекшеліктерін анықтау.
Негізгі сұрақтары: Оқушылардың сынып жиналысының тиімділігі.
Әдістемелік ұсыныстар: Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.
№10 семинар тақырыбы: Ата-аналармен жұмыс әдістемесі.
Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс жасау әдістемесімен танысу.
Негізгі сұрақтары: Ата-аналармен жұмыс жасау формалары.
№11 семинар тақырыбы: Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің педагогикалық ұжыммен бірлескен жұмысы бағыттарын талдау.
Негізгі сұрақтары: Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны
Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының бағыттары.
Пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеудегі сынып жетекшісінің рөлі.