Педагогикалық мамандық – кәсіби топтың аясындағы қызмет түрі ол белгілі сипаттағы кәсіби педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білік және дағыдалар жүйсімен сипатталады.
Педагогикалық мамандану –педагогикалық мамандықтың аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі. Ол нақты еңбек пәнімен және маманнның нақты функциясымен анықталады.
Педагогикалық квалификация –маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
Глоссарий 3 Жеке адамның өмірлік позициясы-бағытталғандықтың негізгі компоненті. Ол жеке адамның іс-әрекетінің мотиві болған сенімдерін, принциптерін, құндылық бағытталғандығын анықтайды.
Жеке адамның шығармашылық қабілеттері- бұл мәселерді дербес көруі. Талдаушылық ойлау: білім, іскерлік, дағдыны және ақыл-ой әрекеті тәсілін жаңа жағдайға көшіре білу; бұрын меңгерген іс-әрекеттің тәсілдердің жаңаға комбинациялау, синтездей білу іскерлігі.
Жеке адамның ерекшеліктері-түйсіктердің, қабылдаудың, еске сақтаудың, қиялының өзіндігі, қызығушылығының, ынтасының, қабілетінің, темпераментінің, мінезінің ерекшеліктері.
Жеке адамның құндылық бағытталғандығы -экономикалық әлеуметтік және идеологиялық факторлардың әсерімен қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі ұстауын, мінез-құлқын себептендіретін іс-әрекет, өмірлік көзқарасының жүйесі, ал оның негізіне әлеуметтік құбылыстармен немесе өзі сияқтылармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда көрініс табатын қоғамдық және жекелік тандаудың бағалау дәрежесі жатады.
Туынды ұғымдар дәрежелелігі, талаптану дәрежесі, эстетикалық талап т.б.
Ж.А.Қ.Б.- қарама қатынастың маңызды факторы, өзінің құрылымында ойлау және эмоционалдық компоненттерді біріктіреді, сонымен бірге жеке адамның адамгершілік және құқықтық қабілетінің маңызды компоненті.
Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті.