Оқу-әдістемелік кешеніні



бет5/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

ГЛОСАРИЙ


1
Академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми жєне ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілері бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.
Аспирантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.
Бакалавр - жоғары базалық бiлiм беру силлабусының мiндеттi және ЖОО компонентiн меңгерген ЖОО түлегiне берiлетiн академиялақ дәреже мен бiлiктiлiк;
Білім берудің стандарттары - ағыл.стандарт: орнатылған улгі, норма, өлшем әрбір білім беру деңгей бойынша: білімнің мазмұнына; оқып және тәрбиеленіп жатқандардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; білім сапасын мемлекеттік бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне; білім алушылардың даярлық деңгейіне; білім алушылардың белгілі бір білім беру бағдарламаларын меңгеруін куәландыратын құжаттардың нысандарына қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары белгіленеді.
Білім беру деңгейлері - білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлері белгіленді: мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту; орта білім беру; кәсіптік жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
Білім туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қ. Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құжат. 1999-шы жылғы маусымның 7-сі күні қабылданды. 389-1 ҚРЗ.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушылардың олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет