Байланысты: Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі
Бірінші кезең — мектеп бейнесін жасау.Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау — бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
Мектеп бейнесі мен тәрбие жүйесі Компоненттерін құрастырудың өзара байланысы
Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.
Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады.Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр турлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың
пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.
Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.
Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.
Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғараалық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек. Мұғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.
Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;
- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық
құндылықка қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
Келесі құрылым тәрбие процесінің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым тәрбие процесінің бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:
- қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің
түсінуі;
- білімнің сенімділігі;
ІМ қалыптастыру;
- әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін қарауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процесестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін. Тіктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге
негізделедізделеді:
а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын процесті жоспарлау;
б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-
рушылық, коммуникативтік); рухани (эмоционалды, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
в) тәрбиеленушілердің негізгі
әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;
г) жоспарланған және ережелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол ізетін жетістіктерге талдау жасау.
ТП кезендерінің өлшем шектері ретінде педагогика-әрекетінің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда ғылымда мынадай бірлікеср пайда болады: жалпы нормалар жөне талаптармен танысу; қарымрым-қатынас қалыптастыру; көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру; іғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл әрексттердің барлығының нәтиессі — нормалық топтағы тұрақты мінез-құеттерін баулу. әдеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, қасиеттерге ауысады.