Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Зертханалық және инструменталдық зерттеулер



бет24/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Зертханалық және инструменталдық зерттеулер:
1. ЖҚА
2. Мұрыннан бөлінділерді Райт немесе Хансел бояуымен цитологиялық зерттеу (жағынды, сарқынды немесе қырынды)
3. Сарысудағы жалпы IgE анықтау немесе фадиатоп анализі.
1. Риноманометрия
2. Рентгенография
Мамандар кеңесі:
- ЛОР-дəрігер кеңесі (көрсеткіш болған жағдайда).
Дəрі-дəрмексіз ем:

  • сақтанулық режим (салқын тигізбеу, жедел респираторлы вирусты инфекция жəне т.б.);

  • гипоаллергендік диета;

  • себептік жəне ықпал ететін факторларды жою (элиминация);

  • аллергеннің толық элиминациясы мүмкін болмаған жағдайда;

  • тыныс алу жаттығулары.

Дəрі-дəрмектік ем: 1-ші буындағы антигистаминдік заттар. Алғашқы 3-5 күн ішінде орташа жəне ауыр дəрежедегі жедел ағым кезінде пайдаланылады, кейін 2-ші буындағы препараттарға ауысады:
1-ші буындағы антигистаминдік заттар. 

  • хлоропирамин 25-75 мг/тəулігіне;

  • хифенадин 25-75 мг/тəулігіне;

  • мебгидролин 50-150 мг/тəулігіне;

  • дифенгидрамин 50-150 мг/тəулігіне;

  • клемастин 1-3 мг/тəулігіне;

  • прометазин 25-75 мг/тəулігіне;

  • астемизол 10-20 мг/тəулігіне.

2-ші буындағы антигистаминдік заттар. Аллергиялық риниттің базалық емі. 10 күннен бастап бірнеше айға дейінгі курстар пайдаланылады:

  • лоратадин 10 мг/тəулігіне;

  • цетиризин 10 мг/тəулігіне;

  • фексофенадин 120 мг жəне 180 мг/тəулігіне;

  • дезлоратадин 5 мг/тəулігіне;

  • эбастин 10 мг/тəулігіне.

Мұрын ауруларын емдеу үшін симпатомиметикалық заттар (деконгестанттар). Мұрын жолдарының өткізгіштігін уақытша қалпына келтіру үшін (мысалы, топикалық стероидтарды қабылдау), сонымен қатар бір аптадан аспайтын аллергиялық риниттің жеңіл ағымы кезінде симптоматикалық препараттар қолданылады:

  • нафазолин 0,05%;

  • оксиметазолин 0,05%;

  • ксилометазолин 0,05%;

  • тетризолин 0,05%.

Мембрана стабилизаторлары. Көбіне жергілікті қолданылады. 3-4 айға дейін курспен жүйелі қолдану, аллергенмен жанасуды шектеу мүмкін болмаған жағдайдағы мезгілдік (орташа немесе ауыр дəреже) немесе жыл бойы аллергиялық ринитте мүмкін:

  • кромоглицин қышқылы 50-200 мг/тəулігіне;

  • кетотифен 2-4 мг/тəулігіне.

Топикалық (интраназалды)глюкокортикостероидтар. Аллергиялық риниттің базалық патогенетикалық емі. 6 айға дейінгі курстармен қолданылады:

  • бетаметазон (200-400 мкг/тəулігіне);

  • мометазон (200-400 мкг/тəулігіне).

Гистамин гидрохлоридімен бірге адам ииммуноглобулині тағайындалады (тізбек бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет