Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет27/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Ағымы бойынша:

  • өршу

  • ремиссия



Бақылау деңгейі бойынша:

  • бақыланатын

  • жартылай бақыланатын

  • бақыланбайтын.

Бронх демікпесін анықтау мақсатындағы диагностикалық критерийлер:

  • Бір немесе бірнеше бронх демікпесіне тән симптомдар (жөтел, тыныс алудың қиындауы, ысқырықты тыныс), бұл симптомдар арнайы аллергендермен, ирританттармен жәнеде триггерлердің әсерінен кейін ҚҚНП қабылдағанда, В-адренорецепторлар блокаторларын қабылдағанда немесе басқада дәрілік препараттарды қабылдағанда болады.

  • Өкпенің аускультациясында екі жақтан диффузды ысқырықты сырылдар, экспираторлы (инспираторлы) түрдегі тахипноэ.

  • Сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіші арқылы анықталған қайтымды бронх обструкциясының болуы. (қажет жағдайда – қосымша бронхолитиктармен бронхомоторлы тест жасау, бронхоконстрикторлармен, арнайы аллергендермен, физикалық жүктемелермен тест жасау[1,13].

Шағымы және анамнезі:
жөтел, көбінесе түнгі уақытта, жиі қайталанатын сырылдар, жиі қайталанатын қиындаған тыныс, кеуде қуысындағы ауырлық сезімі, симптомдар көбінесе түнгі уақытта болады немесе қиындайды, триггерлермен кездескенде симптомдардың көрінісі ауырлайды, симптомдардың спонтанды түрде басылып қалуы немесе бронходилятаторларды, қабынуға қарсы препараттарды қабылдағанда симптомдардың басылуы бронх демікпесінің маңызды клиникалық маркеры болып табылады. Науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурудың болуы.
Аллергологиялық анамнез:
Жанұясында аллергиялық аурудың болуы:

  • әкесінде және оның туыстарында;

  • анасында және оның туыстарында;

  • ағасында және апайларында;

  • пациенттің балаларында;

  • аллергиялық аурулармен бұрын ауруы (толық көрсету);

  • әртүрлі дәрілік препараттарды енгізгендегі серпіліс (қандай, қашан);

  • сарысулармен вакциналарға серпілістердің болуы (қандай, қашан);

  • аурудың жыл мезгіліне байланысты болуы;

  • физикалық факторлардың әсері (суық, ыстық және т.б.), ауру ағымына климаттың және басқада ауа-райының қолайсыз жағдайының әсері;

  • ауру ағымына физикалық жүктемелердің, теріс эмоцияның және т.б. факторлардың әсері;

  • суық тиюден кейінгі аурулармен байланысы (жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлы инфекциясы, пневмониялар және т.б.);

  • саңырауқұлақты (патогенді және патогенді емес саңырауқұлақтар және олардың өнімдері);

  • паразитті (гельминттердің экзогенді және эндогенді антигендер);

  • аурудың етеккірмен, жүктілікпен, бала емізумен, босанумен байланысы;

  • аурудың ұстамасы қайда және қашан дамиды (немесе жағдайы нашарлайды): үй жағдайында, жұмыста, далада, алаңда, күндіз, түнде және т.б.);

  • аурудың ағымына әртүрлі тағам өнімдерінің, сусындардың, ішімдіктердің, косметикалық заттардың, шаң, иістер, әртүрлі жануарлардың, киімдердің, төсек жаймаларының, жәндіктерге арналған заттардың әсері;

  • тұрмыстық жағдайлар: үйдің салынған материалы, үйді жылыту, дымқыл, кілемдер, жұмсақ жиhаздар, кітаптар, ұйықтайтын бөлме заттары, жануарлар, аквариум балықтары және т.б;

  • жұмыс жағдайындағы қауіпті факторлар [24,25].

Зертханалық зерттеулер:

  • Жалпы қан анализі(өршу кезеңінде эозинофилияның болуы)

  • Жалпы қақырық анализі (эозинофилияның, Куршман спиральінің, Шарко – Лейден кристалдарының болуы)

  • Қақырық цитологиясы, қақырықты БК зерттеу.

  • Антибиотиктерге микробтардың сезімталдығын тексеру.

  • Қан сарысуындағы IgА, Ig М, IgG, Ig Е деңгейін тексеру.

Міндетті түрдегі аллергологиялық тексерулер:

  • Аллергендермен тері сынамасы.

  • Қан сарысуындағы арнайы IgЕ деңгейін анықтау.

Қосымша аллергологиялық тексерулер:

  • Аллергендермен провокациялық ингаляциялық тесттер.

Инструментальды зерттеулер:

  • Кеуде қуысының рентгенографиясы

  • СТҚ (сыртқы тыныс қызметі) зерттеу.

  • ЭКГ (бронх демікпесінің ауыр түрінде)

  • Көрсеткіші болған жағдайда мамандар кеңесі: пульмонолог, отоларинголог, аллерголог.

Емдік нұсқаулар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет