Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


© Х.С.Жетписбаева, Д.Б. Козубаева, Г.Ж. Абдрахманова, 2016



бет2/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
© Х.С.Жетписбаева, Д.Б. Козубаева, Г.Ж. Абдрахманова, 2016



МАЗМҰНЫ



Қысқартылған сөздер тізімі

3

I бөлім

1. Кіріспе

4

2. Аллергиялық аурулардың диагностикасы мен емдеу
принциптері
2.1. Аллергиялық аурулардың диагностикасының принциптері
2.2. Аллергиялық аурулардың емдеу принциптері

5

5


12

II бөлім

3. Тағамдық аллергия

15

III бөлім

4. Аллергодерматоздар

4.1.Есекжем
4.2.Квинке ісінуі

23
25

4.3.Атопиялық дерматит

27

бөлім

5. Аллергиялық ринит

32

6. Бронх демікпесі

37

7. Астмалық статус

42

Ү бөлім




8. Дәрілік аллергия

47

9. Жедел токсико-аллергиялық серпілістер (ЖТАС)





52

10. Анафилаксиялық шок

54

11.Тесттер

61

12.Тест жауаптары

69

13. Қолданылған әдебиеттер

70


Қысқартылған сөздер тізімі

АҚҚ
АСИТ
АІЖ
АИК
АЛТ
АСТ
АШ
АНА
БЖС
БС
БК
ГКС
ЖҚА
ЖЗА
ЖСЖ
ЖТЖ
ЖҚТЖ
ЖҚЖ
ЖТАС
ИФТ
ҚҚНП
ОЖЖ
РАСТ
СТҚ
СИТ
ТЖ
ТА
ТБФ
ТИ
ТШЖШ
УДЗ
ФГДС
ӨҚТС
ҚТШК
ЭТЖ
Ig

артериялық қан қысымы
аллерген спецификалық иммунды терапия
асқазан-ішек жол
айналымдағы иммунды кешен
аланинаминотрансфераза
аспартатаминотрансфераза
анафилаксиялық шок
антинуклеарлы антидене
баяу жоғары сезімталдық
бақылау сұйықтығы
туберкулез микобактериясы
глюкокортикостероид
жалпы қан анализі
жалпы зәр анализі
жүректің соғу жиілігі
жедел тыныс жетіспеушілігі
жедел қан-тамыр жетіспеушілігі
жүйелі қызыл жүйе
жедел токсико-аллергиялық серпіліс
иммуноферментті әдіс
қабынуға қарсы нестероидты препарат
орталық жүйке жүйесі
радио-аллерго сорбент тест
сыртқы тыныс қызметі
спецификалық иммунды терапия
тыныс жетіспеушілігі
тағамдық аллергия
тромбоцитті белсендіретін фактор
Тиффно индексі
тыныс шығарудың жылдамдық шыңы
ультра дыбысты зерттеу
фиброгастродуедоноскопия
өкпенің қарқынды тіршілік сиымдылығы
қарқынды тыныс шығару көлемі
эритроциттердің тұну жылдамдығы
иммуноглобулин



КІРІСПЕ
Аллергия – дегеніміз ағзаның бөгде антигенге қарсы иммунологиялық серпілісі. Ағзаға аллерген бірінші рет түскенде сенсибилизация процессі жүреді. Сенсибилизацияның өзі ауруды тудырмайды. Бірақ, аллерген ағзаға екінші рет түскенде аллергиялық серпіліс пайда болады. Аллергиялық серпілістер Кумбс пен Джелл жіктелуі бойынша 4 түрге бөлінеді.
І түрі – анафилаксиялық серпілістер: IgE-ң қатысуымен, 3 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең иммунологиялық: IgE -антидене ағзаға 2-ші рет түскен аллергенмен байланысады. 2-ші кезең патохимиялық: аллерген IgE –антиденемен байланысып, биологиялық белсенді медиаторлардың бөлінуін шақырады. 3-ші кезең патофизиологиялық – бөлінген медиаторлар жасушалар мен мүшелерге патогенді әсерлерін көрсетеді.
1-ші типті аллергиялық серпіліс кезінде аллергенге қарсы реагиндер (IgE) пайда болады. Олар мес жасушалардың бетіне жабысып, мес жасушалардың дегрануляциясына әкеледі. Нәтижесінде әртүрлі медиаторлар бөлінеді: жасуша ішінде дайын түрде бар (гистамин, серотонин, гепарин және т.б.), жасуша белсенгеннен кейін дамитын (лейкотриендер, ТБФ, простагландиндер). Бұл процесстер аллергиялық серпілістердің иммунологиялық және патохимиялық кезеңіне жатады. Ары қарай патофизиологиялық кезең басталады: микроциркуляторлы деңгейде өткізгіштіктің жоғарылауы, қантамырларынан сұйықтық шығу арқылы ісінудің пайда болуы, бұлшық еттің түйілуі, бөліністердің көбеюі (ринит, бронх демікпесі, есекжем), қан мен қақырықта эозинофильдер мөлшерінің жоғарылауы. Клиникалық мысалдары: атопиялық бронх демікпесі, есекжем, атопиялық дерматиттер, Квинке ісінуі, поллиноздар, атопиялық энтериттер, риниттер, конъюктивиттер.
ІІ түрі – цитотоксикалық серпілістер: IgМ-ң, IgG 1,3-ң қатысуымен комплемент жүйесінің классикалық жолын белсендірумен жүреді. Клиникалық мысалдары: АВО бойынша сәйкес емес қан құйылған кездегі эритроциттердің лизисі, резус-қайшылық жүктілік кезіндегі нәрестелердің гемолиздік сарғаюы, аутоиммундық және аллергиялық аурулар.
ІІІ түрі – Иммундық кешен аурулары: IgМ-ң, IgG 1,3-ң қатысуымен капиллярлар эндотелийіне, паренхиматозды мүшелердің мембраналарына, синовиальды қабықтарға жиналып-иммундық кешен құрады. ИКА клиникалық мысалдары: аутоиммундық аурулар кезіндегі васкулиттер, гломерулонефриттер, артриттер, мысалы: жүйелі қызыл жегі кезіндегі васкулиттер мен люпус нефриттер. Жұқпалы аурулар кезіндегі васкулиттер. Дәрілік заттарды қабылдаған кездегі аллергиялық артриттер мен васкулиттер. Жедел және созылмалы сарысу аурулары.
ІҮ түрі –Жоғары сезімталдықтың баяу түрі: аллергенмен кездескеннен кейін 12-24-48-72 сағаттан кейін дамиды. Серпілістер гуморальдық механизм бойынша емес, жасушалық механизм бойынша дамиды. Гранулема, туберкулома және сифиломалардың түзілуі жоғары сезімталдықтың 4-ші түрінің мысалы болады.
Аллергендердің жіктелуі. Адо мен Польнер бойынша аллергендер 2-топқа бөлінеді: экзогенді және эндогенді. Аллергиялық серпілістер экзогенді аллергендермен шақырылады. Экзогенді аллергендер өзара жұқпалы және жұқпалы еместерге бөлінеді. Жұқпалы емес аллергендерге жататындар: тұрмыстық, эпидермалдық, тозандық, тағамдық, кәсіби және т.б. Жұқпалы аллергендерге-: бактериялық, саңырауқұлақтық, вирустық аллергендер жатады [16].
Аллергоанамнез: тұқым қуалаушылықты анықтау, басқа аллергиялық аурулардың болуын, дәріге, тағамға, косметикалық заттарға, инсекттерге, шаңға, иіске, ішімдіктерге, әртүрлі жануарларға, киімге, төсек-жабындыларына серпілісін, аурудың мезгілдігін, тұрмыстық және кәсіби жағдайын анықтау, аурудың өршитін жыл мезгілін анықтау, сарысу вакциналарға серпілісті анықтау, климаттың ауру ағымына әсері, суық тиюмен жүретін аурулармен байланысы, етеккір, жүктілік, бала емізу, босанумен аллергияның байланысын сұрау, физикалық жүктеме, теріс көңіл күйдің әсері, қай жерде және қашан аллергиялық серпілістің күшеюі, үй жағдайындағы заттарға аллергияның барын анықтау (ауаның ылғалдық деңгейі, жиhаз, кілемдер, жануарлар, аквариум балықтары) осы айтылған заттарға аллергияның бар жоғын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет