Клиникалық жіктелуі
• экссудативті,
• эритематозды-сквамозды,
• эритематозды-сквамозды лихенификациямен,
• лихеноидты,
• пруригинозды.
Аурудың жас ерекшеліктеріне қарай жіктелуі:
I- нәрестелік кезең (2 жасқа дейін).
II – балалық кезең (2-13 жас).
III- жасөспірімдік және ересек (13 жастан).
Аурудың ағымы: -Өршу кезеңі. -Ремиссия кезеңі.
Таралуы:
-Шектелген.
-Таралған.
-Диффузды.
Ауырлық дәрежесі:
-Жеңіл ағым.
-Орташа ауырлықтағы ағым.
-Ауыр дәрежедегі ағым.
Диагностикалық критерилері:
-Терінің қышуы
-Жас ерекшеліктеріне байланысты терінің зақымдалуы
-Созылмалы рецидивті ағым
-Пациентте және/немесе туысқандарында атопиялық аурудың болуы
-Аурудың ерте кезеңде басталуы
-Өршудің мезгілге байланысты болуы (суық кезеңде өршіп, жазда жақсаруы)
-Өршуге әкелетін факторлардың әсерінен (аллергендер, ирританттар, тағам өнімдері, эмоциональды стресс)
-Терінің құрғауы
-Ақ дермографизм
-Тері инфекцияларына бейімділік
-Хейлит
-Денни – Морган симптомы (төменгі қабақта қосымша қатпардың болуы).
-Периорбитальды аймақ терісінде гиперпигментация.
-Қан сары суында жалпы ІgE және арнайы ІgE –ң жоғарлауы.
-Перифериялық қанда эозинофилия[2,14,15].
Шағымы және анамнезі:
Папулезды, везикулалы бөртпелер, терінің құрғауы, қабыршықтануы, гиперемия, инфильтрациялар, тырнақ іздері, лихенизация, сулануы және терінің қышуы (2,3 суреттерде көрсетілген). Атопиялық дерматитке тән ерекшелік- 80% балалармен ересектерде ішкі ағзалардың ауруының болуы, көбінесе асқазан-ішек жолдарының аурулары [2,21,].
Салыстырмалы диагноз: микробты экзема, Жильбер ауруы (қызғылт лишай), псориаз, стрептодермия, қышыма, триптофан алмасуының бұзылуы, себорей дерматит, иммунды жетіспеушілік аурулары және т.б. [2].
Достарыңызбен бөлісу: |