Тағамдық күнделік, 2015 жыл 5 кесте
Күні және тағам
|
Ағза серпілісі
|
Көріну уақыты және ұзақтығы
|
25 қыркүйек, таңертен, жұмыртқа
|
Тері қышуы
|
20мин кейін. 1 сағ. көлемінде
|
28 қыркүйек, кешке, жаңғақ
|
Есекжем
|
3сағ. кейін. 2сағ. көлемінде
|
1 қазан, күндіз, шоколад
|
Демікпе ұстамасы
|
1сағ. кейін. 4 сағ. көлемінде
|
Анамнез жинауда: тұқым қуалаушылық факторды, балалық шағында өткерген инфекциялар және диатезді, глистті инвазияларды анықтау маңызды.
Тағамдық азық-түлік аллергенімен скарификациялық терілік сынамалардың диагностикалық маңызы бар. Сынама алдында азық-түлікті үш күнге алып тастайды. Егер диаметрі 3 сантиметрден кем емес инфильтрат және гиперемия болса скарификациялық сынама оң деп саналады. Жедел сынама кезінде реакция 3 сағаттан кейін болады, ал баяуда 1-2 тәуліктен кейін. Анық ТА кезінде сынама тек 45% жағадайларда оң болды.
Зертханалық зерттеулер:
-ЖҚА,
-Паразитологиялық тексерулер (аскаридоз, лямблия, токсокар, эхинокок, описторхоз, трихинелла, Helicobacter pylorі антигендеріне антиденені анықтау),
-Нәжісті паразиттерге тексеру,
-Энтеробиозге жағынды алу,
-Копрограмма- нәжістен эозинофильдерді анықтау,
-Іш қуысын УДЗ,
-Ремиссия кезінде терілік сынамаларды жүргізу. Терілік сынаманы аурудың өршуінен кейін 1 айдан кейін ғана жасау қажет.
-Жалпы IgE және арнайы IgE – антиденелерді анықтау немесе фадиотоп анализі.
Достарыңызбен бөлісу: |