Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет15/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Тағамдық аллергия емі
ТА емдеу үшін науқастан сонымен қатар дәрігерден үлкен шыдамдылық талап етіледі. ТА емін элиминациядан бастау керек – кінәлі азық түлікті жою. Ол үшін нақты арнайы диагностика қажет. Толық негіздемелер болмайынша науқастың диетасынан көптеген тағамдарды алуға болмайды. Элиминацияны (кінәлі тағамды алып тастау) 3 айдан кем емес уақытқа тағайындайды. Бұл ең нәтижелі: қауіпсіз, арзан және науқас үшін тиімді ем әдісі.
ТА өршу кезеңінде: гипоаллергенді диета және тағамды бір-бірден күнделікті рационға еңгізу, бұл кінәлі аллергенді анықтауға көмектеседі.
Антигистаминді препараттар, оның ішінде ең нәтижелі 3-ші қатарлы антигистаминді Зиртек т.б. препараттарын 2 апта бойы қабылдау қажет.
Ферментті препараттар. ТА кезінде ұйқы безі секрециясының жеткіліксіздігінен, 2-3 апта бойы фермент Креон т.б. препараттарын тағайындау қажет.
Эубиотик препараттары, олар ішек микрофлорасы мен иммунды жүйе қызметін қалыптастырады. 2-3 аптаға Линекс т.б. препараттары тағайындалады.
Аурудың ауыр түрінде қосымша кортикостероидтар, плазмофорез тағайындау қажет.
Оральді арнайы иммунды ем - тағамдық аллергия кезінде қолданылады. Осы әдісті қолданған кезде «кінәлі» азық-түлікке сезімталдық жоғалады – төзімділік пайда болады. Бұл ем тәсілінің механизмі науқастың қанындағы арнайы IgE –антиденесінің мөлшерін төмендетуге негізделген.
Емі: аллергенді тағамды мысалы, 1 тамшы сүт немесе жұмыртқа ақуызынан бастайды, әрі қарай күн сайын тағамның мөлшерін біртіндеп өсіреді, емді 2-3 ай жүргізеді, тағам өнімінің аллергиялық серпілістерді тудырмауына дейін тағайындалады. Тағамдық аллергия кезіндегі осы тәсілдің нәтижелігі 71%-дан 93% -ға дейін болған. 10-15% жағдайларда жанама серпілістер байқалған: есекжем, ангионевротикалық ісінуі, іштегі ауырсыну және т.б.
Гипоаллергенді базисті диетаның негізгі принципі болып табылады: 80 грамм ақуыз, оның ішінде өсімдік текті – 40грамм; май-80грамм, оның ішінде өсімдікті-40грамм; көмірсу-400грамм, оның ішінде қарапайымы -30грамм. Жалпы күндізгі калория 2600-3000 ккал мөлшерінде болады.
Химиялық және механикалық диета: тамақтану тәулігіне 5 ретке дейін (бөлшектенген-аз мөлшерде), тұз бен қарапайым көмірсуларды шектеу. Сұйықтықты тәулігіне 1,5 литрге дейін қабылдау.
Барлық тағамдар қайнатылған күйінде дайындалады, етті, балықты, тауық етінің сорпасын 3 рет ауыстырып қайнатады. Жұмыртқаны 15 минуттан кем емес қайнату қажет. Қатаң диета 10 күнге тағайындалады, содан кейін біртіндеп жаңа тағам түрлерін қоса бастайды. Тағамдық қоспаларды, табиғи емес өнімдерді 3-6 ай тағайындауға болмайды. Нағыз тағамдық аллергия кезінде элиминациядан оң нәтиже 24-48 сағаттан кейін, ал псевдоаллергияда 2-3 аптадан кейін пайда болады [17].
АЛЛЕРГОДЕРМАТОЗДАР.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет