Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет30/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

2 сатысы: Декомпенсация дамиды. Есі сақталған, бірақ әр уақытта адекватты емес, гипоксиялық энцефалопатия белгілері болуы мүмкін. Жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр. Науқас әлсізденген, сәл күш түсу бірден жағдайын қиындатады. Олар су, тамақ қабылдай алмайды, ұйықтай алмайды. Терісі, көзге көрінетін шырышты қабатында цианоз, ұстағанда дымқыл. ТЖ минутына 40 тан жоғары, тынысы беткей. Тыныс алу шуы 1 метрге дейін естіледі, бірақ өкпені тыңдағанда «мылқау» өкпе бөліктері пайда бола бастайды, (аускультативті мозаика). Жүрек тондары бірден тұйықталған, гипотония, тахикардия (ЖСЖ 110—120 минутына.). қанның рН –ы суб-немесе декомпенсирленген метаболикалық ацидоз жағына ауысады, раО 60 мм. с.б. дейін төмендейді, раС02 50—60 мм с.б. дейін жоғарлайды. Жалпы дегидратация белгілері күшейеді.
3 сатысы: Гипоксемиялық кома. Жалпы жағдайы өте ауыр. Тері және көзге көрінетін шырышты қабатында цианоз, денесін тер жапқан. Көз қарашықтары бірден бірден ұлғайған, жарыққа реакциясы әлсіз. Беткей ентігу. ТЖ минутына 60 рет, тыныс алуы аритмді, брадипноэға ауысуы мүмкін. Аускультацияда «мылқау» яғни, өкпе дыбысы естілмейді. Жүрек тондары бірден тұйықталған, гипотония, тахикардия (ЖСЖ минутына 140 тан жоғары), жыпылық аритмиясы дамуы мүмкін. Қанның рН декомпенсирленген метаболикалық ацидоз жағына ауысады, раО 50 мм.с.б. дейін азаяды және оданда төмен, раСО 70—80 мм.с.б.б. дейін және оданда жоғарлайды Жалпы дегидратация белгілері шегіне жетеді [27].
Астмалық сатуста зертханалық-инструменталды тексерулер:
1.ЖҚА, ЖЗА.
2.Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок, белок фракциялары, серомукоид, фибрин, сиал қышқылы, мочевина, креатинин, коагулограмма, калий, натрий, хлоридтер.
1.ЭКГ.
2.Қышқылды-сілтілі тепе-теңдік.
3.Қанның газды құрамы.
Астмалық статус кезіндегі жедел көмек:
1.Оксигенотерапия
2.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
3.Гиповолемияны қалыптастыру
4.Бронхтың шырышты қабатының ісінумен қабынуын басу
5.Бета-адренергиялық рецепторларды белсендіру.
Оксигенотерапия
Астма ұстамасы жиілеп кеткен және астматикалық статус болған науқастарға минутына 3-5 л. оттегі беру қажет, демалатын қоспада оның концентрациясы 30-40% -ды ұстап тұрады. Одан жоғары концентрация қажет емес, себебі гипероксигенация тыныс алу орталығының тежелуіне әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет