Бронхолитиктер
Бронхолитикалық әсері бар препараттардың ішінде көбінесе эуфиллин (теофиллин, аминофиллин) 240 мг препарат -2,4% ерітінді түрінде вена ішіне баяу 20 минутта енгіземіз.Сосын дозасын 0,5-0,6 мг/кг масса төмендету қажет 1 сағатқа, пациенттің жағдайы жақсарғанға дейін.Тәуліктік доза 1,5 г.
Эуфиллин фосфодиэстеразаны ингибирлеп, аденилциклді аденозинмонофосфотазаның жинақталуына әкеліп, адренорецепторлық сезімталдықты қалыптастырып, бронхоспазмды жояды. Препарат өкпе артериясында қысымды төмендетіп, миокардтың жиырылуын жоғарлатып, зәрайдағыш әсерін көрсетеді.
Глюкокортикоидтер
Глюкокортикоидтер арнайы емес қабынуға қарсы, ісінуге қарсы әсер көрсете отырып, бронхоспазмның әртүрлі механизмдерін ингибирлейді. Кортикоидтер бронхтың гипербелсенділігін төмендетіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. В2 -агонистердің белсенділігін күшейтеді. Преднизолонның бастапқы дозасы 30 мг немесе гидрокортизон 100 мг және дексаметазон 4 мг.
Әрі қарай преднизолонды көктамыр ішіне 1 мг/кг тағайындалады. Басқа глюкокортикостероидтерді сәйкес дозада (5 мг преднизалон, 0,75 мг дексаметазон, 15 мг кортизон, 4 мг триамсинолон дозасына эквивалентті).
Ара қашықтығы 6 сағаттан көп болмау қажет, енгізу уақытын клиникалық нәтижелігіне қараймыз. Орташа астмалық статустың 1 дәрежесін басуға 200-400 мг преднизолон (тәулігіне 1500 мг) қажет. Астмалық статустың 2-3 дәрежесінде тәулігіне 2000-3000 мг қажет.
Өкпеге жасанды дем беру
Жедел тыныс жетіспеушілігінің 2-3 дәрежесінде және РаСО2 өсуі, орталық жүйке жүйесінің симптомдарының күшеюі және кома кезінде тағайындаймыз.
Басқада препараттар
Астмалық статус кезінде антигистаминді және седативті препараттарды беру қажет емес, себебі, олар тыныс алуды тежеп, жөтел рефлексін басып тастайды.Бронх шырышты қабаттарының ісінуін басу мақсатында зәр айдағыш препараттардыда беру қажет емес, себебі бұзылған су-электролитті балансты одан сайын қиындатады. Кальций антогонистерін беруге болады, бронхтың тегіс бұлшықеттерін босатып, перифериялық тамырларды кеңейту арқылы өкпелік гемодинамикамен өкпенің тынысын қалыптастыруға әсерін тигізеді және өкпе лаброциттерінен шығатын медиаторлармен базофилдерден шығатын гистаминді тежейді [1,28].
Достарыңызбен бөлісу: |