Терілік сынамалар
Барлық сынамалар аурудың ремиссия кезінде жүргізіледі.
Терілік сынаманы жасауға көрсеткіштер: анамнезінде ауру тудырып тұрған бір немесе бірнеше аллергеннің болуы.
Терілік сынаманы жасауға қарсы көрсеткіштер:
аллергиялық аурулардың асқынуы
анамнезінде анафилаксиялық шок
жедел инфекциялық аурулардың болуы
әртүрлі ішкі мүше ауруларының декомпенсациясы
қан аурулары, онкологиялық аурулар
декомпенсация сатысындағы эндокринді аурулар
аутоиммунды аурулар
жүктілік және лактация кезеңі
3 жасқа дейінгі нәрестелерде
стероидты гормондармен, антигистаминді, бронхоспазмолитикалық препараттармен ем қабылдап жүрген кезде болмайды
жедел аллергиялық серпілістерден кейін терілік сынаманы жасауға болмайды, себебі бұл кезеңде сенсибилизацияланған антиденелердің азаюынан -сынама нәтижесі теріс болуы мүмкін.
Этиологиялық маңызды аллергендерден бастаған жөн: тұрмыстық және эпидермальды, келесі тағамдық, содан кейін тозаңдық (ағаш, егістік және арамшөптерді т.б.). Содан кейін ғана бактериялық және саңырауқұлақтық аллергендер еңгізіледі. Неғұрлым аллерген аз болса, соғұрлым нәтиже дәлірек болады.
Терілік сынама қою кезінде таңертеңгілік физикалық жүктемесіз термометрия жасап, физиопроцедураларды, антигистаминді препараттарды 2-3 күн бұрын, ГКС-2-3 ай бұрын, сонымен қатар тамыр тарылтқыш препараттарды қабылдауды тоқтату керек. Шыны астында науқастың тексерілу картасы жату керек, аллергендердің тізіміне сәйкес жіктеме дайындалады. Әрбір аллергендерге, гистаминге, бақылау сұйықтығы үшін бірреттік, жеке шприцтерді қолдану қажет.
Арнайы диагностика
Сынаманы бір жасағанда аллергендердің 15 түріне жасауға болады. Терілік сынаманы білектің ішкі бетіне, қажет болған жағдайда паравертебральды аймаққа қоюға болады. Аллергендерге сынама жасағанда сонымен қатар бақылау сұйықтығы және 0,01 % гистамин қойылады. Гистаминге сынама жасардың алдында 0,01 % гистамин дигидрохлоридіне 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін қосып араластырамыз. (1 бөлігі гистамин қалған 9 бөлігі 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі). Бұл жасалған гистамин ерітіндісі дайындалған уақыттан бастап 6 сағатқа жарамды.
Білекті 70 % этил спиртімен өңдеп, кептіру қажет. Теріге стерильді шприц арқылы 1 тамшы аллергенді, 1 тамшы гистамин, 1 тамшы бақылау сұйықтығын тамызамыз. Сынамалар арасындағы ара қашықтық 4-5 сантиметр және білезік буынынан 5-6 сантиметр қашықтықта қойылады. Шприцке алынған аллергенді қайтадан флаконға құюға болмайды.
Прик тест: прик тест сынамасын жасағанда тамызған тамшының үстінен стерильді инъекциялық инемен 1-1,5 мм инъекция жасаймыз (теріні тесіп, аздап теріні көтеру арқылы инені шығарамыз). Теріні тескен кезде қан болмау қажет.
Скарификациялық сынама: скарификациялық терілік сынаманы жасағанда тамызған тамшының үстінен стерильді скарификациялық инемен ұзындығы 5 мм. болатын екі паралельді сызық жүргіземіз. Әрбір аллергендерге, гистаминге, бақылау сұйықтығы үшін бірреттік, жеке скарификаторлар қолдану қажет.
Теріішілік сынама: инфекциялық емес аллергендерге теріішілік сынаманы: анамнезі анық оң болып, клиникалық диагностика тәсілдерімен скарификациялық сынама көрсеткіштерінің арасында қарама қайшылық болған жағдайда қоямыз. Теріішілік сынама білектің ішкі бетіне қойылады. Саусақпен теріні төмен тартып, инені тері ішіне енгіземіз, иненің тесігі толығымен эпидермиспен жабылуын қадағалауымыз керек.
Тері ішіне егілетін аллергендердің ара-қашықтығы 5 см болуы қажет. Әрбір аллергенге жеке, стерильді шприц қолдану қажет. Тері ішіне енгізілетін аллерген мөлшері скарификациялық тест жасаған аллергенмен салыстырғанда концентрациясы 10 есе аз болу қажет. Аллергенді және тест-бақылау сұйықтығын міндетті түрде 0,02 мл. көлемінде тері ішіне енгіземіз. 0,01 % гистамин ерітіндісін скарификациялық тәсілмен қоямыз.
Теріішілік сынама көбінесе бактериялық және саңырауқұлақтар аллергендерін анықтау мақсатында қойылады. Сынама аурудың рецидив кезінде жасалады.
Сынама салу аптасына 2 рет: дүйсенбі және сәрсенбі күндері жүзеге асырылады. Сынама 20минуттан кейін, 24 және 48 сағаттан кейін бағаланады (1 кестеде көрсетілген). Туберкулинді шприц немесе 1 граммдық кішкентай инелерді пайдалануға болады. Милиметрлік сызғыш көмегімен гиперемияны, инфильтратты өлшейміз. Егер сынама оң болса, онда дене температурасының субфебрильдіге дейін жоғарылауы байқалады, регионарлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы болуы мүмкін, тамыр бойымен инфильтрацияның миграциясы, мүшелік жауап дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |