жиектері: жоғарғы, төменгі, оң, сол жақтары - 2 см;
қатар аралық интервалы - 1;
табуляция -1 см;
негізгі шрифт Times New Roman қаріп түрімен, 14 кегльмен, ал қазақ және орыс тілдеріндегі қосалқы шрифт 12 кегльмен енгізіледі;
тараулар мен бөлімдер бас әріптермен, ал бөлімдер мен параграфтар - кіші әріптермен теріледі, тақырыптар айшықты шрифтпен ерекшеленеді;
8) әрбір бөлімнен кейін бақылау үшін сұрақтар тізімін енгізу қажет (5-тен кем емес);
9) ұсынылатын әдебиет оқулықтың (оқу құралының) соңында беріледі, онда 5-тен артық емес негізгі және 10 қосымша әдебиеттер көрсетіледі (әдебиеттер әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы мамандықтар үшін соңғы 5 жылда, техникалық және жаратылыстану бағытындағы мамандықтар үшін соңғы 10 жылда шыққан болуы керек);
10) оқулықтың (оқу құралының) атауы және негізгі тараулар (бөлімдер) монографиялық болмауы керек.
5.6.9 Оқу әдебиетін дайындаушы ҚР БҒМ құзыретті органына келесі құжаттарды ұсынады: 1) Колледждің бланкісінде ректордың (проректордың) қолы қойылып, ҚР БҒМ-нің грифін тағайындауға сұраныс туралы сүйемелдеу хаты; 2) оқулық немесе оқу құралы макетінің 4 данасы; 3) оң рецензиялар; 4) грифті тағайындау туралы институттың Ғылыми кеңесі мәжілісінен толық көшірме. Құзыретті орган ұсынылған материалдардың кешенділігін анықтайды. Материалдардың толық емес кешені ұсынылған жағдайда құзыретті орган дайындаушыға өтініші мен оған тіркелген құжаттар пакетін оның жетіспейтін материалдарының тізімін көрсетумен бірге қайтаруы мүмкін. Қайта ұсыну көрсетілген кемшіліктер мен ескертулер жойылғаннан соң жүзеге асырылады. Құзыретті орган ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының макетін эксперттердің қарауына жібереді. Оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға байланысты шығындардың барлығын (мемлекеттік тапсырыстан бөлек) дайындаушының өзі көтереді. Құзыретті орган оқулықтардың, құралдардың экспертизасын ұйымдастырып, эксперттер тобын тағайындайды. Экспертизаны аталмыш оқу әдебиетінің профиліне сәйкес жоғары оқу орындары мен ұйымдардың жетекші ғалымдары мен тәжірибелі мамандарын тарту арқылы Республикалық ғылыми-практикалық "Оқулық" орталығы жүзеге асырады. Экспертиза материалдардың эксперттерге ұсынылу күнінен бастап 30 календарлық күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Эксперттер экспертизаны жүргізу барысында мыналарды жүзеге асыруы қажет: 1) оқулықтардың барлық параметрлері бойынша негізделген тұжырымдарды қамтитын объективті эксперттік қорытындыларды дайындайды; 2) ұсынылған материалдардың экспертизалық мәліметі туралы жариялап, көпшілік баға бермейді. Экспертиза соңында "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы құзыретті органға эксперттік қорытындыны ұсынады. Құзыретті орган авторды экспертизаның нәтижелері туралы хабардар етеді. Экспертиза нәтижелерінің негізінде құзыретті орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- "білім беру ұйымдарында қолдануға ұсыну қажет";
-" білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынуға болмайды".
Теріс экспертизалық қорытындыға ие болған оқулықтар мен құралдар қайта экспертизаға қорытындыға ие болған күннен бастап 6 айдан кейін ғана ұсыныла алады. Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулықтар мен құралдар дайындаушының өз қаржысы есебінен (мемлекеттік тапсырыстан бөлек) баспадан шығарылады.
5.7 Оқу құралы пәннің сәйкес типтік оқу бағдарламасының жекелеген тарауларын жүйелі және толық дерлік мазмұндауымен сипатталады. Оқу құралы зерделенетін пәннің анағұрлым маңызды сұрақтарын меңгеруге көмектесу мақсатын көздейді. Оқу құралдарының ерекшелігі оларда бағдарламадан ауытқу болуы мүмкін. Олар студенттердің аудиториялық сабақтарда алған білімдерін бекітуге ықпалын тигізеді.