Оқу жылына арналған сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік отырысының жоспары


Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны



бет13/15
Дата25.11.2023
өлшемі148,63 Kb.
#127009
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік - диспетчерлік бағыта жүзеге асырылады.
1. Психодиагностикалық бағыттар:
1) Білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологияляқ диагностикалау;
4) психлогиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
2. Консультациялық бағыттар:
1) Білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық , кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлға аралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Ағартушылық - профилактикалық бағыттар:
1) Білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету; 2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу; 3) білім алушының әлеуметтік мінез-құлқының алдын алу; 4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.
4. Түзету-дамытушылық бағыттар:
1) Жеке тұлғалық өсуге арыналған тренинтер өткізу; 2) интеллектуалдық, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру; 3) жанжалдық тұлға аралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.
5. Әлеуметтік- диспетчерлік бағыттар:
1) Педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберіненшығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, т.б.) аралас мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтежелерінің мониторингін жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет