Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет112/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   127
12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.

Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:

балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;


шығыстардың көлеміне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламаларының түріне және білім беру деңгейіне байланысты);

мекемелерді емес, балаларды қолдаудың мекенжайлық жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;

педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейту арқылы білім беру сапасын арттыру;
мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;
бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын оқушылардың санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен, оқу шығыстарымен (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекі материалдар мен құралдар) байланысты шығындарды, сондай-ақ, мектептердің педагог қызметкерлерге олардың жұмыс іс-әрекеті нәтижелері мен көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын және білім беру процесін іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқалар) қамтамасыз ету атқарымдары өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жай-күйіне және дамуына жауапкершілікті сақтау, мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.

Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

228
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды ескереді:

мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайына төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемақылар;


қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);

сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптарындағы оқушылар саны шекті толымдылықтан асатын мектептер үшін оқушыларды оқыту құны азая түседі.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарының сыныптар бойынша оқушылар саны туралы деректерінің негізінде ҚР БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді (білім беру деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).

Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте іске асырылуда. 2015 жылға дейін апробация 1-11 сыныптарда өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялаудың пилоттық 3 жылдағы нәтижелерін талдау қорытындысы берілген (38-кесте).

229


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет