Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет108/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127
Үй тапсырмалары бастауыш мектепте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды ескере отырып, өзіндік жұмыс түрі ретінде 2-сыныптан бастап беріледі.

2-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында мұғалімдерге әдістемелік қолдаумен мониторинг жүргізу жалғасады.

2016-2017 оқу жылы пилоттық мектептердің 2- сыныптарында 1- сыныпта жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.

Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім алушыларды диагностикалық тестілеу жүргізіледі (қыркүйектің 2-3 аптасы). Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны ҰБА береді. ҰБА 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-мен бірге пилоттық және бақылау мектептері 2-сыныптарының білім алушыларын диагностикалық тестілеу (кіруде) ұйымдастырады. Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.

Екінші кезеңде бастапқы деректер талдауы жасалады (қараша, қаңтар). Бастапқы деректер талдауын ҰБА қызметкерлері ДББҰ-мен бірге жүзеге

асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.

Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды. Ресми түрде бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп

220


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының , ОӘК, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.

3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.

Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау, шығуда диагностикалық тестілеу (сәуір) жүргізіледі . Тестілеу нәтижелері бойынша пилоттық және бақылау мектептері білім алушыларының даму деңгейін кірудегі және шығудағы деректер негізінде салыстырмалы талдау жасалады. 4 - тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1толтырады.

Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр). ҰБА келісілген форма бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК енгізетін өзгерістерді ДББҰ-мен үйлестіреді.

ДББҰ ҰБА-мен бірге қорытынды есептерді жасайды және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым). Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар ҚР БҒМ Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. ҰБА және ДББҰ жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.
Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары ҚР БҒМ бекітіледі және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынылады.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны келесі әдістемелік нұсқаулық құжаттармен реттеледі: оқу бағдарламасы; оқу жоспары; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелері; жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардың мұғалімдері үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; өңірлік және мектептік үйлестірушілер үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы; жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізіледі. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. Қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді

Қалыптастырушы бағалау оқудағы іс-әрекеттің әр кезеңінде ( тақырыпты түсіндіру, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру және т.б.) түрлі

221


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады (сауал қою, тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылар пән бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді.
Білім алушы белгілі себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою кезінде есептелмейді.

Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы , орта білім беру деңгейі) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді. Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі.

4-кесте – 2 сынып, бастауыш білім беру оқу бағдарламасына сәйкес суммативті бағалаудың рәсімдеу саны

1.

2.



3.

3.

4.



5.

6

7.



8

9.

10.



11.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет