Мектеп формасы туралы
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлылық сипатына сәйкес келуі қажет.
Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгігіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ер балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек (қысқы кезеңге: тоқыма желет, водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.
Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңге: тоқыма желет, сарафан, водолазка). Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.
Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады.
Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар , футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) жатады.
Мектеп формасының негізгі түсіне немесе кереғар түсіне сәйкес келетін классикалық үлгідегі галстугі болады. Мектеп формасында түрлі
конфессиялардың діни киімдерінің элементтері болуына рұқсат берілмейтініне білім беру ұйымдарының басшылары ерекше мән беруі қажет.
Мектеп формасында орта білім беру ұйымдары ерекшеленетін белгілерін орналастыра алады (эмблема, жапсырма және т.б. ). Олар киімнің жоғары бөлігінде немесе аксессуарында орналасады (пиджак, желет, галстук).
Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа райына, оқу сабақтарының өтетін орнына және оқу бөлмесінің температуралық жағдайына байланысты іске асырылуы маңызды. Сонымен қатар, мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша зақымдайтын фурнитуралармен киімді және аксессуарларды киюге болмайды.
Мектеп формасының матасы ретінде жартылай жүн және құрамы жақсартылған мақтадан жасалған, тозуға төзімді , бактерияға қарсы, антистатик қасиеттері бар маталар қолданылады. Мектеп формасының түстерін, үлгісін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымдары анықтайды және қоғамдық кеңеспен, мектептің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітеді.
17
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |