ҚР МЖМБС-2015 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
ағылшын тілі;
өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
ҚР МЖМБС-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 2-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан
асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
оқыту қазақ тілді емес 2-11-сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3-11-сыныптардағы орыс тілі;
2-11-сыныптардағы шет тілі;
5-11-сыныптардағы информатика;
бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);
5-11-сыныптардағы дене шынықтыру (ұл және қыз балалар топтарына);
5-11-сыныптардағы «Технология» (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан , 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасы – мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауы үшін берген тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:
материалды оқулық бойынша меңгеру;
әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау;
шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;
әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;
биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау, сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:
- оқу жұмысы процесінде жаңа материалды меңгерту кезінде оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт болып табылады;
- үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей, оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға негізделуі тиіс;
- үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және пәнді терең меңгеруге талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша тапсырмалар беру;
- үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну; - оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы
меңгеруде өзін-өзі бақылауға үйрету.
Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру кезеңі болады. Ол төмендегі көрсетілген әрекеттерден тұрады:
әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, үй тапсырмасы туралы ақпарат беру;
оқушыларға үй тапсырмасының, жекелеген жұмыстардың мақсатын, мазмұнын және орындалу тәсілдерін түсіндіру (нақты нұсқаулық беру);
берілген тапсырманы орындау мерзімі туралы ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3-сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11-сыныптарда – 3 сағаттан асырмау керек.
«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес:
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы барысындағы каникулдар:
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсан
– 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2017 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2016 жылғы 26 желтоқсан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2017 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн (2017 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде қосымша каникул белгіленеді.
2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді. 1-шы сыныпта бес күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама қосымша ретінде ұсынылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді..
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бойынша реттеледі.
Қағидалар бойынша ҚБТ барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар еркін нысанды білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып оқуда ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі және жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бойынша жүзеге асады.
БҒДМБ іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы қол жетімді біліммен қамтамасыз ету арқылы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында деңгейлік бағдарлама бойынша оқуға педагог кадрлар белсенді тартылады.
Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг процесі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |