Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет25/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді сыныптар үшін)

45


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

«Қазақ тілі» пәні − бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын , тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

Пәнді оқыту ерекшелігі – грамматикалық материалдар жүйелi-шоғырлы ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілді . Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» бөлімдерінен тұрады. Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.
Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жетістіктерінің деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.

Диктантты ұйымдастыру және өткізу

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады.

Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;
диктанттың қай түрі болмасын, мұғалім мәтінді орфоэпия заңына сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды;

мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады;


оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн;

жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады. Оқушылардың грамматикалық талдау білімдерін сынау мақсатында

алынған бақылау жұмыстарда 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.

2, 3, 4-сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі (4-кесте).

4-кесте – Диктант мәтінің көлемі

Сыныптар


Тоқсандар/сөздер саны

I
II


III
IV

2 сынып
19-22


22-25
25-28
28-30

3 сынып
32-35


35-40
40-55
55-60

4 сынып
65-68


68-70
70-75
75-80




Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің саралануы: Қателер:

сөздердің жазылу ережесін бұзуды қоса алғанда күрделі қателер кеткен


46


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жағдайда, орын ауыстыру, алмастыру, сөздерде артық әріптердің кездесуі;

емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
мәтіндегі тыныс белгілерінің сөйлемнің соңында болмауы және бас әріп сөйлемнің басында жазылмауы;

орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; екі бірдей қате

әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады (қайынның сыңыптын);

бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;

мәтін мазмұны (мазмұндамада) тақырыптан алшақтаған, ойды жүйелі жеткізуде кемшіліктер; мазмұндама жазуда шығарма мазмұнын өзгертетін, авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулар бар;

әр бөлім арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, баяндаудың негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың түсіп қалуы;

сөздердің мағынасына сәйкес қолданылмауы (мазмұндамада). Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет