Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ



бет106/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127
11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасындағы Білім беру мен ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарында ҚР МЖМБС-2015, білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасуда.

Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңарған оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізу процесі барысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу және енгізу туралы ережені» және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.

2-сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуіне бағдарланған және білімнің белгілі бір көлемін алуды, сондай-ақ оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуда қолдануды білдіреді.

Білім мазмұнын жобалау күрделендіру принципі бойынша 2-сыныптағы пәннің мазмұны оқушылардың білімі мен білігін сыныптар және тақырыптар бойынша біртіндеп кеңейтуге, қарапайымнан күрделіге көшуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, барлық бағдарламалар оқушыларға «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарында «Математика», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық -гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі (Т2)», «Орыс тілі (Я2)», «Ағылшын тілі», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту жалғасуда.

Екінші сыныпта, «Бейнелеу өнері» және "Еңбекке баулу" пәндерін

217
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

қамтитын, кіріктірілген "Көркем еңбек" пәнін оқыту басталады. Бұл пилоттық мектептердің оқушылары жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларымен тең болу үшін жасалынған . Өйткені 1-сыныпта осы пәндер сараланып оқытылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет