Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:
1) Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту. 2- сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;
2) «Орыс тілі және әдебиеті» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.
39-кесте. 2-4 сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жұмыс
2-сынып
3-сынып
4-сынып
түрлері
1- жарты-
2- жарты-
1- жарты-
2- жарты-
1- жарты-
2- жарты-
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
Сөздік
3-5 сөз
5-7 сөз
7-9 сөз
9-12 сөз
10-12 сөз
12-15 сөз
диктант
Бақылау
30-35
35-40
45-50
60-65
65-70
70-80
диктант
Бақылау
30-35
35-40
45-50
60-65
65-70
70-80
көшіру
Оқытатын
35-40
40-45
50-55
65-70
75-80
85-95
мазмұндама
Оқытатын
30-35
35-40
50-55
65-70
75-85
90-100
шығарма
Оқу шапшаңдығы (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсіну және мәнерлілігімен байланыста болатынын және осыдан оқудың толыққанды дағдысы қалыптасатынын есте сақтау қажет.
40-кесте. Бастауыш буын үшін оқу дағдысы қалыптасуының бағдарлы нормалары
Міндетті деңгей
Мүмкін деңгей
сынып
1- жартыжылдық
2- жартыжылдық
1- жартыжылдық
2- жарты-
жылдық
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
1
20 – 25 сөз және
30 -35 сөз және
30 - 35 сөз (1 және
сынып
белгі (1 және одан
40 -50 сөз және
белгі
одан артық әріптен
артық әріптен
тұратын)*
белгі
тұратын)*
2
45 – 50 сөз және
55 – 60 сөз және
55 – 60 сөз және
65 – 70 сөз
сынып
белгі
белгі
белгі
және белгі
3
65 – 70 сөз және
75 – 80 сөз және
75 – 80 сөз және
85 – 90 сөз
сынып
белгі
белгі
белгі
және белгі
4
85 – 90 сөз және
95 - 100 сөз және
95 -105 сөз және
110 – 120 сөз
сынып
белгі
белгі
белгі
және белгі
Сондай-ақ , оқушының оқу жылдамдығы бағаланбайды, тек оқу дағдысы қалыптасуының алгоритмын құру үшін өлшемі болып табылатынын есте сақтауы маңызды.
Оқытудың көлемді мақсаттары сабақта ішінара қолданылуы мүмкін. Оқыту мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу қызметінің алуан түрлері бойынша қиылысады.
«Жаратылыстану» оқу пәні оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған. Жаратылыстану сабақтарында білім беру процесі оқушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін өздігімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 2-сыныпта Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын
дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік біліктер мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін дамытуға бағытталуы тиіс.
«Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде оқушылардың музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
«Көркем еңбек» жаңа оқу пәні «Технология және өнер» білім беру
саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылатын кіріктірілген курс болып табылады. Пән түрлі шығармашылық қызметтегі кеңістік және көру елесін, қиялын және аңғарымпаздығын қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
8) «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану, атап айтқанда, олардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және физикалық қабілеттер алуымен қатар, физикалық тұрғыдан дамыту денсаулығына ықпал ету болып табылады.
2-сыныптың оқу бағдарламаларына пәндер бойынша ұсыныс сипатындағы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын оқу жоспарлары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдері жүйесіне негізделетін жоспарларда сабақты өткізу жөнінде тақырыптар мен бөлімдер, 2-сынып оқушыларын сабақта ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар, сондай-ақ, оқу ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне-және аудиоматериалдар және т.б.) берілген.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалім пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қызмет ететін ортақ тақырыптарды ескеруі қажет. Ортақ тақырыптар, сол сияқты, оқу пәндерін кіріктіретін компонент ретінде тоқсандарға бөлінген. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып болады, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |