10 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кешкі (ауысымды) мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырыуы мүмкін.
Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.
Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша қазақ тілдінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.
Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып оқыту қарастырыған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады.
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде , бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.
Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:
«Тіл және әдебиет» білім саласы
Жазба жұмыстары пән бойынша:
«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы.
Қазақ және орыс тілдері бойынша мазмұндама – жылына 2 рет. Қазақ және орыс тілдері бойынша шығарма – жылына 2 рет. Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет. Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 3 рет. Шет тілі бойынша тест жұмысы – жылына 4 рет.
«Математика және информатика» білім саласы
213
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
«Алгебра», «Геометрия», «Физика» пәндері бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.
«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 10
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 8
«Информатика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары – әр сыныпта жылына 4 рет.
«Жаратылыстану» білім саласы
«Химия» пәні бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.
«География» және «Биология» пәндері бойынша бақылау жұмыстары – жылына 2 рет (тест түрінде).
«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 8
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 2
9 сынып – жылына 2
10 сынып – жылына 2
11 сынып – жылына 2
«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуемттік жағдайы төмен кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы, негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық (девиантты) тәртібін түзетуге бағытталған.
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
негізгі міндеті – түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде оқи алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу болып табылады.
Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі –«проблемалық (қиын)»: нашар оқитын және тәрбиелеуге қиын балалармен жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие.
Рухани – адамгершілік тәрбиесі.
Салуатты өмір салты;
Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім тәрбиесi;
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
Кәмелетке толмағандар арасында экстремизмнің және лаңкестік алдын
алу;
Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, токсикомания, маскүнемдiктiң, темекі тартудың алдын алу;
жасөспiрiм қыздың тәрбиесi;
оқушыларға кәсiби бағдар беру;
ата-аналармен әлеуметтiк әрiптестiк.
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің ерекшеліктеріне сай оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:
№
Бақылау нысанасы
Нормасы
№
1
Сабақтарға және сыныптан тыс іс-
Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат
1
шараларға қатысу
және
оларды
(директордың орынбасарлары үшін);
талдау
2 аптада 1 сабақ, жылына 17 сағат
(мектеп директорлары үшін).
22
Сынып журналдарын тексеру
Тоқсанына 1 рет
33
Пәндер
бойынша
оқу
Тоқсанына 1 рет
бағдарламалары-ның орындалуын
тексеру
44
Оқушылардың
жеке
іс
Жылына 2 рет
құжаттарын тексеру
55
Пәндер
бойынша
тақырыптық
Жылына 2 рет
және
күнтізбелік
жоспарларды
тексеру
6
Алфавиттік кітапты тексеру
Жылына 2 рет
6
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.
Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |