Оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды


 Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 8



бет3/8
Дата23.06.2022
өлшемі45,51 Kb.
#37254
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Санпин 2021

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Е. Қиясов

Қазақстан Республикасының


Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында:
1) жауапты жұмыскерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға (байланыссыз термометрмен термометрия, қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады;
4) жалпы, білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады.
2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
2) зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік жүйе алып тасталады;
3) «бір сынып - бір кабинет» қағидаты сақталады;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі.
3. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) педагогтардың, персонал мен білім алушылардың маска кию режимі сақталады;
2) әр қабатта қолжетімді жерлерде және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
3) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
4) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);
5) білім алушылардың объект аумағында, дәліздерде, үй-жайда жүріп-тұруы кезінде кемінде қашықтық сақталады;
6) білім алушылар, педагогтар және персонал арасында айына кемінде 1 рет жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (педагогтар мен қызметкерлер арасында нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;
7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, білім алушыларға, педагогтареға, өндірістік оқыту шеберлеріне және қызметкерлерге санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);
8) техникалық персоналға жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды, қолғаптарды) кию және уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау және дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жинау және өңдеу бойынша нұсқама жүргізіледі;
9) жыл мезгілін ескере отырып, оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимі кестесіне сәйкес ауаны залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды (рецеркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) үй-жайларды желдету;
10) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
11) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді;
12) ауысымдар мен кіші ауысымдарды арттыру, білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде дененің жанасуын азайту жүргізіледі.
4. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.
5. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) ведомствоаралық комиссияның шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.
6. Білім беру ұйымдарында оқытуды штаттық және аралас форматта ұйымдастыру кезінде физикалық байланыстардың қысқаруымен ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады.
7. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен мынадай:
1) білім беру объектілері үй-жайларының толымдылығына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);
2) білім алушылар контингентіне, педагогтерге және персоналға;
3) көпшілік пайдаланатын орындарды пайдалануды шектеуге (оқу залдары, спорт және акт залдары);
4) интернаттар мен жатақханалардың толымдылығына қойылатын шектеу шаралары айқындалады.
8. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады.
9. Білім алушыларды білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды қажетті жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғау құралдарымен (маскамен) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып, автокөлік салонын дезинфекциялауды жүргізу қамтамасыз етіледі.
10. Көлік құралының салонында білім алушылар, педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска кию режимін сақтайды.
11. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Жеке ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол беріледі.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет