Оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды


Жекелеген оқу орындарында болу режиміне және сабақтарға



бет5/8
Дата23.06.2022
өлшемі45,51 Kb.
#37254
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Санпин 2021

4. Жекелеген оқу орындарында болу режиміне және сабақтарға
қойылатын талаптар білім беру ұйымдарында
26. Ерекше білім беру қажет етілетін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда және басқаларында мынадай:
1) білім алушылардың мектеп-интернатта тұруы үшін бір мезгілде келуі;
2) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау;
3) ауысымдарды және кіші ауысымдарды арттыру, дененің жанасуын азайту талаптары сақталады.
27. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК), оңалту орталықтарында сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.
28. ППТК-да ерекше білім беру қажет етілетін балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
29. Ерекше білім беру қажет етілетін балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесс белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
30. Емдік дене шынықтыру ата-аналар (заңды өкілдер) мен педагог (1-1,5 м) арасындағы қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтай отырып, сабаққа ата-аналардың (заңды өкілдердің) рұқсатымен залда өткізіледі.
31. Физио-ем-шараларды, массажды жүргізу кезінде бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуы кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып шектеледі. Физио-ем-шаралар және массаж кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып, үй-жайларды 1 балаға 4 ш.м. толтырған кезде жүргізілуі мүмкін. Балаға медициналық ем-шаралар маска кию режимін сақтай отырып жүргізіледі.
32. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.
33. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Контингент, кесте, жұмыс кестесі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
34. Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен білім алушылар арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады.
35. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жекелеген білім беру ұйымдарына да осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.
5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
36. Ұйымдарда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) ағынды аудиторияларды, кітапханаларды өңдеу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы күніне кемінде 2 рет жүргізіледі;
2) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;
3) зертханалық, практикалық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 4 мқамтамасыз ете отырып жүргізіледі;
4) қажет болған жағдайда оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда мөлдір қалқаларды орнату көзделеді;
5) кітапханалардағы оқу залдары үстелдер арасындағы қашықтықты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді.
37. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
2-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет