3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері: 1) карантинді енгізуге сараланған тәсілді:
- сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде -сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;
- бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;
- колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30%-дан астамы тіркелген кезде - ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу бойынша барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді;
3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды анықтауға:
- осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;
- білім беру басқармасына;
- білім беру ұйымдарына жауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері: 1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;
2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;
3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім беру басқармалары мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері: 1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік студенттерге:
- тұрғылықты елдің уәкілетті органы берген вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;
- алынған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда кіруіне рұқсат етсін.
6. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 14, 19, 46 және 47-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.