2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар 15. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 3 рет жүргізіледі.
16. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
17. Тамақтану залында ауа рециркуляторларын орнату қамтамасыз етіледі.
18. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
19. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.
20. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
21. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
22. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған дұрыс.
23. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері - күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;
- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы - күніне кемінде 2 рет;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) - күніне кемінде 3 рет.
24. Жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіре берістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.
25. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.
26. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына 3-қосымша