2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар 12. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтер мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
13. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға рұқсат етіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.
14. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі бойы сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
15. Үй-жайларды үнемі желдету оқу, жаттығу, басқа ұйымдастырушылық процестер мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Сыныптардың, фойелердің және дәліздердің үй-жайларының ауасын залалсыздандыру ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып жүргізіледі.
16. Жанасатын масканы (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, кабинеттерді, аудиторияларды, ортақ пайдаланылатын орындарды (спорт, акт залдары, кітапханалар, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар, себезгі және тұрмыстық бөлмелер және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
17. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.
18. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуі және сақталуы тиіс.
3. Білім алушылардың тұру жағдайларына қойылатын талаптар 19. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады.
20. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
21. Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
22. Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
23. Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинге оқшауланған уақытта дүкендер мен дәріханаларға шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын жерлерге немесе өзге де орындарға шығуына жол берілмейді.
24. Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.
25. Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы Цельсий бойынша 37 градустан жоғары) жағдайлары журналда тіркеледі;
2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.