Ф-ЦПБ-01/04
«АВИМЕД» көпсалалалы колледжі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________ Э.Т.Тезекбаева
« ___ »_________ 2021ж.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: ӘЭП 02 Философия негіздері және мәдениеттану
Мамандығы: 09120100 «Емдеу ісі», 09130100 «Мейіргер ісі», 0304000 «Стоматология»
Біліктілігі: 4S09120101 «Фельдшер», 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері»
0304000 «Дантист»
Курс: 1
Семестр: 2
Бақылау түрі: Сараланған сынақ
Теориялық сабақтар: 24
Шымкент, 2021
Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : : 09120100 «Емдеу ісі», 09130100 «Мейіргер ісі», 0304000 «Стоматология»
Жұмыс бағдарламасы «Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері »
циклдық әдістемелік бірлестігінің (ЦӘБ) отырысында қаралды және ұсынылды.
Хаттама № 1 «26» тамыз 2021ж.
ЦӘБ жетекшісі ____________ Байдарова Г.А
Әдіскермен қаралған ____________ Нұрлыбаева Г.Т
Әдістемелік кеңестің отырысында мақұлданды
Хаттама № 1 «27» тамыз 2021ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы ______________ Тезекбаева Э.Т.
Пән/модулін жасаған: __________ Қуанышбай А.А
Философия негіздері және мәдениеттану пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы
Философия және мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік саяси – моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін мәдениет түрлерінің өзара байланыстарының, тәуелдіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерінің мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының бір тұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Осы оқу жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ПП РК № 1080 от 23.08.2012) сай әзірленген.
Бұл «Мәдениеттану» пәні бойынша әзірленген оқу жұмыс бағдарламасы пәннің мазмұны мен мамандарды даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған. Оқу жұмыс бағдарламасын іске асыру барысында барлық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес өткізу қарастырылған. Мәдениеттану пәнінен жалпы – 30 сағат берілген.
Техникалық және кәсіптік білімнің жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу барысында білім беру ұйымы оқу бағдарламасының мазмұнын өзгертуге құқылы:
-кәсіптік оқу бағдарламасын меңгертуге берілген оқыту уақытын сақтай отырып мамандықтың түріне қарай оқытудың бағдарлама көлемін 25 % өзгертуге;
- қазіргі заманғы оқыту технологиясының түрлерін және оқыту процесін бақылаудың формаларын, әдістерін пайдалану;
-бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
-бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
-жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің негізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Мәдениеттану пәнін оқыту қазақ әдебиеті, тарих және қоғамдық ғылымдармен пәнаралық байланыс арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |