Оқу жұмыс бағдарламасы пән: Әэп 02 Философия негіздері және мәдениеттану Мамандығы



бет2/4
Дата22.06.2023
өлшемі144 Kb.
#103069
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Философия негіздері және мәдениеттану Фл-31,Мб-31

Кіріспе.
Философия - барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдердің бәрі де бағалайды.
Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әрина, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшай философия да жоқ.
Философия – толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Оқу жұмыс бағдарламасында қазақ халқының философиялық ой-тұжырымдары барынша кеңінен пайдаланылды.
Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда әрбір адам дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Әрине, көзқарас әр қилы болады: ғылыми, ғылыми емес, дәйекті, дәйексіз т.б. Философия сол көзқарастың жүйелі болуын қамтамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі бір қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды т.б. Міне, философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз.
Пәннің оқытылуының мақсаты
Мәдениеттің пайда болуы, дамуы, жұмыс істеуіне қатысты, оның маңызы, қызметі, функциялары, міндеттері, тарихи типтері мен философиялық талдамасы, мәдениеттің өзара бір-біріне ықпалы жайлы мәселелерді қарастыру, танып игеру барысында «Экономика» мамандығы студенттерінің бойында интернацианалдық, ұлт жандылық қасиеттердің қалыптасуына оң ықпалын тигізді. Мәдениеттің пайда болуы және өркениетке ұласуын жете түсіндіру барысында Қ.Р. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің «Мәденимұра» бағдарламасына сәйкес тәуелсіз Қазақстан мемілекетінің саналы және мәдениетті болашақ маман дайындауды мақсат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет