ҚОРТЫНДЫ 05.06.2023 ж – 16.06.2023 ж аралығында Түркістан облысы Шымкент қаласындағы “Эверест фарм” ЖШС да оқу практикасынан өттім. Практика жұмыстарының бірінші күні өндірістегі техника қауіпсіздігімен таныстым. Содан соң келесі күндері «Эверест фарм» зауытының негізгі бөлімдерімен танысып шықтық. Әр бөлімдегі технологиялық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерімен осы өндіріс орнынан тағайындалған жетекшіміз А.А Саденова таныстырып шықты. "Эверест-Фарм" ЖШС өндіріс орны алдағы уақытта ұлттық фармацевтиканы барынша дамыта отырып, заман талабына сай жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді шығарып, Қазақстандық өнімді Еуропа елдеріне шығаруды жоспарлап отыр. Зауытта жүзеге асырылып жатқан іргелі де өркенді істер мұның нақты дәлелі екені даусыз. "Эверест-Фарм" ЖШС өндірісінде дезинфекциялық сұйық сабын, таблеткалар, әмбебап дезинфекциялау құралдар, теріге арналған антисептиктер, дәрілік өсімдік шикізатын, дезинфекциялау куралдарын өндіреді. ҚР ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша дәрі өндірісі Түркістан облысы мен Шымкент қалаларында өскені байқалады. Практиканың соңғы күндері университеттен тағайындалған жетекшіміз Т. Қ. Ақыловтың көмегімен практиканың күнделігі толтырылып және есебі жазылып, бекітілді. Оқу практикасы барысында мен өзіме мамандығыма байланысты көптеген тың ақпараттарға ие болдым. Оның болашақта маған мықты маман иесі болып қалыптасуы үшін маңызы жоғары. Практикаңның соңғы күні біз жеке тапсырма бойынша акпарат жинақтап ,оларды қорғадық.Бұл бізге үлкен тәжірибе әрі, мамандығымызға деген ізденіспен қызығушылығымызды арттырды. Оқу практикасы барысында мен өзіме мамандығыма байланысты көптеген тың ақпараттарға ие болдым. Оның болашақта маған мықты маман иесі болып қалыптасуы үшін маңызы жоғары. Практикаңның соңғы күні біз жеке тапсырма бойынша акпарат жинақтап ,оларды дайындадық. Бұл бізге үлкен тәжірибе әрі, мамандығымызға деген ізденіспен қызығушылығымызды арттырды.
Қорыта келгенде біз өзіміздің екі семестр барысында алған теориялық білімімізді практика жүзінде бекітіп қайттық.