3 ЖЕКЕ ТАПСЫРМА ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫ ІЗДЕУ, ЖИНАУ, КЕПТІРУ ӘДІСТЕРІ 3.1 Дәрілік өсімдіктер Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады..
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады [4].
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы,
Арша- кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы (1-сурет). Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген.
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (2-сурет). Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ, мускатты және ірі Асқабақ деген түрлері мен Волгалық сұр, «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар.
Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады (3-сурет). Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
Жалбыз– ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік (4-сурет). Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Қаражоңышқа — жабайы өсімдік. Қазақстанда сирек кездеседі. Тамырының қайнатындысы асқазан — ішек жолдары қабынғанда (энтероколиг, колит, диспепсия), баспа, стоматит, гингивит ауруларымен ау ырғаңда қолданылады. Сондай-ақ күйік жараларына және экзема ауруларына қолданылады.
Қалақай — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.