Оқу практикасының мақсаты мен міндет



бет7/11
Дата14.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#107244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қаражидек-қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер тегі. Қазақстанның таулы, орманды және далалы аймақтарында өсетін 3 (итбүлдірген, көкжидекті Қаражидек және қаражидек) түрі бар. Емдік мақсатта Қаражидектің миуасы мен жапырағын пайдаланады. Қаражидек миуасының тұнбасымен асқазан мен ішек қабынуын, іштің қатуын, бүйрек пен қуыққа тас байлануын, радикулит пен ревматизмді емдейді. Франция лабораториясында жасалған тәжірибелер Қаражидек миуасының адам көзінің көру қабілетін арттыра алатынын анықтаған. Қаражидек жапырақтарының тұнбасы асқазан сөліндегі қышқылды көбейтеді, қан тоқтатады, несеп жүргізеді, сондай-ақ диабетке шалдыққан адам қаны мен несебінің құрамындағы қантты азайтады [5].


3.2 Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-370 б.э.д.) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.


XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды.
Мыңдаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аурулармен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланады. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркенииетті елдерде дәрілік өсімдікктерді пайдаланудың өте бай тәжжірибесі жинақталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жсанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттардыы пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондыктан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дуниежүзілік денсаулык сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дуние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Кытай, Жапония, Индия бұрынғыша казіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелернің емдерін кеңінен қабылдауда [6].
Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Мысалы: халыктың, ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Онтустік Америка халыктары мата жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana)
пайдаланған.
Қазіргі көптеген замандастарымыздың санасында дәрілік өсімдіктер бұрынғы заманның қалдығы деген түсінік бар. Біздің электроника мен автоматика, ЭЕМ мен компютерер ғасыры кептірілген шөптердің шоқтарымен нашар үйлесетін секілді. Синтетикалық химияның жетістіктері, ондаған, жүздеген мың жаңа, ешқашан табиғатта болмаған органикалық қослыстарды алу мүмкіндігі химиялық синтездің құдіретіне сендіреді. Әр түрлі аурулардан құтқаратын жаңа дәрілердің жедел алынуына сенімділік пайда болады. Мұндай көзқарас казір де бар, бірақ ол әсіресе 15-20 жылдар бұрын кең таралған еді.
Өсімдіктерден алынатын ең маңызды дәрілер арнайы баспаларда атап көрсетіліп, толық сипатталған. Бұл мәліметтер біздің елде дарігерлік тәжірибеде қолдану және өнеркәсіптік өндіруге руұқсат берілген дәрілердің аттарынын мемлекеттік тізіміне 2003 өндірілген. Біздің елімізде медицинада қолдануңа рұқсат етілген дарілердің 31% жоғары сатыдағы өсімдіктерден, 3% саңырауқұлактар және бактериялардың дәрі препараттары (антибиотиктер), 12% жануар текті препараттар (эндокринді препараттар, вакцина және сарысу), 9% марганец қышқылды калий немесе мырыш майы сияқты органикалық емес қосылыстар және шамамен 45% синтетикалық жолмен алынған органикалық препараттар құрайды. Алайда, тікелей немесе әр түрлі препараттар түрінде дәріханаларда сатылатын дәрілік өсімдіктердің барлығы Мемлекеттік фармакопеяда сипатталмаған, Фармакопеяға ең манызды, әрі жиі қолданылатын өсімдіктер мен олардан алынатын препараттар енгізілген [7].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет