112
Реферат тақырыптары:
1.Л.Винчи шығармашылығы.
2. Ф.М.А.Вольтер дін туралы
3.Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссоның ” қоғамдық келісім “ концепциялары .
4.Монтескьенің әлеуметтік – саяси ілімі .
5.Ағарту философиясындағы ” ақылды эгоизм “ концепциясы
6.Ж.Ж.Руссоның өмірі мен шығармашылығы .
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
Қ
осымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
113
7 тақырып. Классикалық неміс философиясы
1.
И.Канттың гносеологиялық философиясы.
2. Гегельдің диалектикалық философиясы.
3. Фейербахтың философиялық антропологиясы.
1. И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы
И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану
мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн
философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең” деп
зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған
үш негiзгi еңбектерi “сын” деген сөзден басталады. “Таза зерденi сынау” -
негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған, “Практикалық зерденi сынау” -
мораль мәселелерiне, ал “Пайымдау қабiлетiн сынау”- табиғат философиясы
мен өнер мәселелерiне арналған.
Келесi екi ұғым - ол “зат өз iшiнде”, яғни заттың өзiндiгi - оны И.Кант “ноумен”
деген ұғыммен бередi, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол
“феномен” деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк және ақыл-ойдың бiтiмдерi
арқылы ретке келтiрiп тани аламыз.
Егер И.Кантқа дейiнгi ойшылдар танымның негiзi табиғатты аңлауда жатыр деп
есептесе, ол дүниетануды адамның белсендi iс-әрекетiмен байланыстырып, осы
жолда адам дүниенi өзiнiң априорлық (тәжірибеге дейін берілген білім)
формалары арқылы ретке келтiрiп құрады деген пiкiрге келедi.
Философиядағы И.Канттың жасаған коперникандық төңкерiсi деп бiз осыны
айтамыз.
Алайда сезiмдiк аңлау, қайсыбiр одан шығатын тәжiрибе әрқашанда
кездейсоқты, ал бiлiм жалпымағналық және қажеттiк, заңдылық дәрежесiне
көтерiлуi керек. Оған жететiн жол - априорлық ақыл-ой формалары, оларды
И.Кант категориялар дейдi. Ол категориялардың қайнар көзiн тәжiрибеден
шығармайды - олар да кеңiстiк пен уақыт сияқты априорлық табиғатымен
сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық
категорияларына сан, сапа, қарым-қатынас, модальдық т.с.с. жатады.
Ақыл-оймен зерденiң арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшiн И.Кант
“идея” ұғымын қолданады. Ақыл-ой категорияларды қолданса, зерде -
идеяларды басшылыққа алады. “Қайсыбiр адамның дүниетануы аңлаудан
басталып, ұғымдарға өтедi де, идеялармен бiтедi”. Яғни идеялардың өрiсi
ғылыми категориялардан кең, ол - метафизикалық категориялар. Идеялар
арқылы бiз тәжiрибенiң әр жағына өткiмiз келедi, бiрақ ол iс-әрекетiмiз бiздi
нәтижеге әкелмейдi. “Идеялар - жетiлгендiк, кемелiне келгендiктi көрсетедi,
оған жақындауға болғанмен, бiрақ толығынан жетуге болмайды”,- деп
қорытады ұлы ойшыл. Сонымен, зерде ұстай алмайтынды ұстағысы,
шешiлмейтiндi шешкiсi келедi.
И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрi бар : олар жан-дүние, әлем және құдай
мәселелерi.
114
Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған
қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Дүние-мәнді, дүние- мәнсіз т.б. Ойшыл оны
антиномия (санада қарсыластық бар) дейдi, өйткенi бiрiншi тұжырым мен оған
қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен
зерде шешiлмейтiн қайшылыққа келiп тiреледi.
Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргетасты
философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан
тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан, оларды диалектикалық
тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн болашақта Г.Гегель
диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.
2.Г. Гегель - немiс классикалық философиясының шыңы
Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың
теңдiгiнен бастайды.
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап,
философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi
қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның
қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с.
ретiнде қаралады.
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор
философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша
сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi.
Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы” арқылы
бередi.
Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.
Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн
ғылым.
Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны
зерттейтiн ғылым.
Үшiншi - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып
жатқан идея жөнiндегi ғылым.
Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай
қалыптасты.
Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы - оның рух жөнiндегi
ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму
сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер айтады.
Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi:
1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,
2.
Объективтi рух, оған ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық,
мемлекеттiктi жатқызады.
3.
Абсолюттiк рух - ол өнер, дiн және философия.
Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар
антропология, феноменология және психология.
Теоретикалық және практикалық рухтың бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал
115
соңғы өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға (сыртқы дүниеге
тануға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтiк рух секiрiс арқылы
объективтiк рухқа айналады.
Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi құқтық және
адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi ерiктiкте болғаннан
кейiн құқтық қатынастардың өзi тiкелей шынайы өмiрге еңген ерiктiктiң
болмысы болып есептеледi.
Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк рух сатысына көтерiлген кезiнде
өзiн-өзi түбегейлi танып-бiлiп қанағаттанады. Өнер саласында ол өзiнiң толық
ерiктiгiн сезiнедi, дiнде - өзiн марқабатты түрде қабылдайды, ал философияда -
өзiнiң мәнiн категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсiнiп, таниды. Олай болса,
философия дiннен жоғары, өйткенi, дiндегi қабылдау философиядағы ұғымнан
төмен. Сонымен, философиямен рухтың дамуы бiтедi, өйткенi ол өзiн-өзi
түсiнiп тынышталады.
Диалектика жөнiндегi өзiнiң терең ойларын Гегель былайша қорытады: “еш
жерде - аспанда, жерде, рухани өмiрде, табиғатта болмасын, ешқандай ақыл-
ойдың белгiлейтiн абстрактылы “немесе бұлай - немесе олайы” жоқ. Қай жерде
болмасын өмiр сүрiп жатқан барлық - ол нақтылы, олай болса, өз iшiнде
белгiлi-бiр айырмашылық пен қарама-қарсылықты қамтиды. Заттың өтпелiгiнiң
өзi оның iшкiсiне сыртқы нақты болмысының сай келмеуiнде... Қайшылық -
мiне бұл дүниенiң шынайы қозғаушысы, ал қайшылықты ойлауға болмайды
деген пiкiр тек күлкiнi туғызады”.
Сонымен, Гегель диалектикалық таным әдiстемесiн жасап, философияның
ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтердi.
3.Фейербахтың философиялық антропологиясы
Людвиг
Фейербах
(1804-1872ж.ж.)
–
немiс
классикалық
философиясының соңғы өкiлi. Ол анонимдi (өз атын атамай) түрде 1830 ж.
«Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар» деген еңбегiн жарыққа шығарып,
онда жанның өлместiгi жөнiндегi дiни қағидаға қарсы шығады.
Философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан емес, нақ болмыстың
өзiнен бастауы қажет. Онда бiз заңды түрде жалпылықтан емес жалқылықтан
бүкiл философиялық ұғымдарды шығаруымыз керек. Өйткенi қайсыбiр болмыс
– ол нақтылы болмыс – дүниеде болып жатқан «бiрдеңе», «мынау», «анау».
Болмыс жалқылық пен жекелiктен тұрса, ойлау – жалпылықты тудырады.
Фейербах Дүниенiң көптүрлiлiгiн мойындайды. Материяның өмiр сүру
формасы –ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен уақытты талап етедi.
Олай болса, олар болмыстың өмiр сүруiнiң негiзгi жағдайлары.
Фейербах дiннiң ғасырлар бойы қалыптасқан екi формасын көрсетедi. Бiрiншiсi
– ол мистификацияланған (құпияланған, құдiреттелген) табиғат күштерi.
Екiншiсi – ол адамның өзiне ұқсайтын Құдай идеясы. Ол жөнiнде Фейербах
былай дейдi: Шексiз де құдiреттi Құдайдың мәнi дегенiмiз – ол адамның өзiнен
бөлiп алынып ерекше өмiр сүрiп жатқан сияқты адамның рухани мәнiнiң өзi.
О дүниенi терiстеу дегенiмiз бұл дүниенi орнықтыру деген сөз. Жарқын
116
болашақ - ол сенiмге емес, адамның өзiнiң борышына жатады.
Мiне, ендi бiз Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесiне келiп тiрелдiк
– ол адам мәселесi. Жаңа философия адамды, және соның негiзi ретiндегi
табиғатты философияның ең негiзгi универсалды пәнiне айналдырадың.
Сондықтан бiз Фейербахтың iлiмiн антропологиялық философия деймiз. Ол
адамды негiзiнен психо-физиологиялық пәнде ретiнде қарайды. Фейербахты
немiс
философтарының
адамды
тек
қана
рух
ретiнде
түсiнуi
қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам бiр жағынан материалдық дене
болатын болса, екiншi жағынан - ойлайтын рух. Фейербах көбiне адамның
табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына келтiруге тырысады. «Мен»
дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесi мен ойлай алатын басы бар,
нақтылы кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi.
Бiрақ, Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне бәрiбiр
дiннiң керектiгiн мойындайды. Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына
адамды сүюдi қоюы керек. «Христиандықтың мәнi» деген негiзгi еңбегiндегi
соңғы тарауында Фейербах «Адам адамға – Құдай» деген пiкiр айтады.
Адамзатқа жаңа дін қажет. Фейербах оны адамзатқа ұсынады.Ол –
сүйіспеншілік діні.
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Немiс классикалық философиясындағы көрнектi тұлғаларды есiңiзге
түсiрiңiз.
2. И.Кант “сынға дейiнгi” өмiр кезеңiнде қандай гипотеза ұсынды?
3. И.Канттың танымдағы жасаған “коперникандық төңкерiсiнiң” мәнi неде?
4. “Категориялдық императивтiң” негiзгi талабын көрсетiңiз.
5. И.Канттың “диалектикалық антиномияларын” есiңiзге түсiрiңiз.
6. Г.Гегельдiң философиялық жүйесi.
7. Диалектиканың негiзгi заңдарын атаңыз.
8. Г.Гегельдiң рух саласындағы 3 сатысы.
9. Философия рухтың қай саласына жатады?
10. Л.Фейербахтың философиясының негiзгi қағидалары.
11. Л.Фейербах дiннiң әлеуметтiк, танымдық, психологиялық түп-тамырлары
жөнiнде.
12. Л.Фейербахтың “сүйiспеншiлiк” iлiмi.
Ойланыңыз:
1. ''Философия – адамзат өмір сүруінің тактикасы емес, стратегиясы, ол еркін
адамның мәңгілікке деген көзқарасы және берілген үлесі. '',-деген ойды қалай
түсінесіз?
2.Л.Фейербах: '' адам өз тегі атынан фәлсәфалайды, яғни, өзінің тегі мен
қоғамдық мәнін іске асырады. '',-дегенінің мәні неде?
3.И. Канттың: «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!» - дегенін қалай түсінесіз?
4.«Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейін, оны қанша сүргілесең де,
117
түп-түзу қылу мүмкін емес»,-деген И.Канттың пікірін қалай түсінесіз?
5.И.Канттың: «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениеті оның моральдық
жетілуіне қарағанда анағұрлым тез дамып келеді. Бұл адамзат алдында түрған
үлкен үрей»,- дегеніне не айтар едіңіз?
6.Гегель: «Тәкаппарлық құлдыраудың алдында жүреді»,-деген нақыл сөзге не
дер едіңіз?
7.Гегель: «Өте өткір нәрсе тез мұқалады»,-осы нақылдың мәні неде?
Реферат тақырыптары:
1.И.Канттың моральдық философиясы.
2.И.Канттың таным саласындағы «коперникандық төңкерісі».
3.Г.Гегелдің философиялық жүйесі.
4.И.Фихтенің философиясы.
5.Ф.Шеллингтің болмыс жөніндегі ілім.
6.Г.Гегелдің диалектика іліміне қосқан үлесі.
7.Ф.Шеллингтің өнер философиясы.
8.Л.Фейербахтың табиғат философиясы
9.Л.Фейербахтың христиан дінін әшкерлеуі.
10.Неміс классикалық философиясының тарихи маңызы,
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
118
Қ
осымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
119
1.тірек кесте. И. Кант (1724-1804 ж.ж.)
Априоризм – тәжірибеге дейін (априорлық) адам санасында болатын
ақыл мен естік сезімнің формалары туралы ілім.
Ол ең алғы танымның қоғамдық сипатын ұғыну формасы
«Мен» - трансценденталдық субъектімін
Әлем (дүние)
(Адамдағы тұлғалықтан жоғары тұратын бастама)
Ақыл
ес
сезімдік
Бірліктің естің
3 идеясы: 12 категориясы
Құдайлық,
әлемдік,
жандық
Ақыл-еспен және сезімді априорлық құрастыру арқасында математика
және физика ғылым ретінде заңдылықтарды ашуы мүмкін.Философияның
мүмкіндігі ғылымнан жоғары, өйткені ол тәжірибенің шегінен шығып кеткісі
келеді.
Кант философиясы – философиядағы коперникандық төңкеріс.
Философия қандай да болмасын тәжірибені барынша қалаушы ретінде,
дүние туралы ақиқатты табуға тиісті емес, ол сана қызметінің түп-
тамырындағы жатқан,тәжірібенің өзін қалаушы және шарт-жағдайы
болуы керек
Мәселе: жалпы және қажетті синтетикалық (жинақталған) білімнің болу
мүмкіндігі қалай?
Шешімі: Сананы априорлық құрастыру арқасында
2
«Біздік зат»
құбылыс
«Өзіндік зат»
1
3
120
2 тірек кесте. Г.Гегель (1770-1831 ж.ж.)
Канттың «өзіндік зат» біздің санамыздан тыс «сыртта
жатқан» деген сеніміне қарсы болып, «өзіндік зат»
танылмайды деген идеясын сынайды
Гегель
Мән мен құбылыстың диалектикалық бірлігін қолдайды
Error!
Барлық қоғам мен табиғат құбылыстарының негізінде – қоғам мен
табиғаттың, шынайы дүниенің жаратылысына дейінгі, абсолют, «абсолюттік
идея», «әлемдік ақыл –ес» жатыр
Гегель философиясы – ойлау мен болмыстың бірлігінің философиясы
«Ақыл ес – ол субстанция, соның
арқасында барлығы шынайы өзіндік
болмысқа ие»
Абсолюттік идея – ол нақты барлық
табиғилыққа ортақ, және сонымен
қатар барлық руханиялыққа...
Осылардың шегінен шығып,
олардың негізін құрайды
Идея көрінісінің 3 түрі:
1.таза логикалық мәндер түрінде
2. табиғаттың-сыртқы болмыстық
түрінде
3. нақты рухтың әр алуан түрінде
Гегель философияның 3 құрамдас
бөлігі:
-логика
-табиғат философиясы
-рух философиясы
Рухтан заттың
пайда болу,
заттануы
Абсолюттік идея
Табиғат
Рух
Танымды –
заттандыру,табиғат
тан идеяларды
«табу»
121
3 тірек кесте. Абсолюттік идеяның даму сатысы
Болмыс
сапа – сан - өлшем
Логика – Абсолюттік идея
Мән
мән – құбылыс - шындық
(«Логика ғылымы»)
Ұғым субъективтік-объективтік идея
Табиғат философиясы - Табиғат Механизм
(«Табиғат философиясы» )
Химизм
Организм(телеология)
Антропология
Рух феноминологиясы
(сана,өзіндік сана,ақыл,ес)
Психология
Рух философиясы - Рух Субъективті рух Құқық
(«Рух феноменологиясы») Объективті рух - Моральдық
Абсолюттік рух Өнеге-әдептілік (Жанұя-
азаматтық қоғам-мемлекет)
Өнер
Дін
Философия
122
4 тірек кесте. Фейербах (1804-1872)
Танымды пайымдау,
алғашқыда сезімдік, кейін
ақыл-еспен, ақылмен келетін,
- қоғамдық практикамен
байланыссыз ретінде
қарастырады
«Фейербах түсінбеді, «діни сезімнің» өзі қоғамдық сана жемісі екенін».
Гегелге сын: идеализм ол
қалай болмасын
рационалданған дін ретінде.
Бірақ философия мен дін бір-
біріне қарама-қайшы.
Философияның бірінші міндеті – дінді
сынау. Дін мен идеалістік философияның
пайда болу себебі – адамдық мәннің
жатсынуы; адамға тиесілі қасиеттерді
құдайға таңуы
.
Фейрбахтың антропологиялық материлизмі:
«Жаңа философия адам да, табиғатты да
адам негізі (базисі) ретінде қарастыра
отырып, жалғыз да, универсалды және
жоғарғы философия пәнін, антропологияға
және сонымен қатар физиологияны да
универсалдық ғылымға айналдырды».
Тар мағынада адамды – тек
дене, сезімдік қана, қоғамдық
– тарихи емес жан ретінде
түсіндіреді.
Өмір сүріп жатқан діндерді жойып, Фейрбах өзгеше «құдайсыз» адамның өзі
тұратын «Адам адамға – құдай» болатын жаңа дін болуы керектігін ұсынады».
Дінді сынауы
Адамдағы діни сезімнің болуын жоққа шығаруы. Діннің антропологиялық және
психологиялық негізі жоқ екенін ашып көрсетті. Қиял, елестету дәрмені – діннің
пайда болуының өзегі мен себебі.
Құдай барма деп қойылған сұрақтың өзі
«жалпы ұғым дербес өмір сүре ала ма
деген сұраққа алып келеді»
123
Достарыңызбен бөлісу: |