Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар



бет104/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

2. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Кербез сұлу, жер жәннаты, әр пұшпағы қымбат, кестелі сөздің зергері, келбетіне қарау, періште көңілі кіршіксіз, ағынан жарылу, ажарлы болу.


Өлеңді мәнерлеп оқып, есте сақтаңыздар.

Бурабай

Көгілдір нуға бөленген,

Көрікті неткен Бурабай!

Құттықтап оны өлеңмен

Өтпеген ақын жырламай.

Табиғат тартқан сыйлығын

Таратқан жұртқа бұлдамай.

Бітімі шебер, тым қиын,

Толқытар сені бұл маңай.

Өңкей бір шатыр, көк өндір

Көтерген сұлу тастары,

Төменде айдын көк мөлдір,

Төбеңде шексіз аспаны.

Көлдері жайнап көзіндей,

Қарады маған ол тұрып.

Қайдағы қымбат сезімдей,

Кеудемді жырға толтырып.

Толқыны тосып құшағын,

Еркелей жүздім көліне.

Кілемін жайып көп шалғын,

Аунадым майса көгіне.

Алдыма тартып айнасын,

Айнала қарап тұрды құз.

Оранған нуға алуан шың -

Сыланған бейне сұлу қыз.

Орманға толы өңірі,

Ойладық оның сырын біз:

Өмірі балғын со ғұрлы,

Болар ма сондай жырымыз!

(Ғ.Орманов)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет