Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет103/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

Көлсай Шарын шатқалы
Тапсырма:

  1. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіңдер?

  2. Алматыда жаңадан ашылған қандай емдеу-сауықтыру орталықтары бар?

  3. Өздерің тұрған жерде емдеу-сауықтыру, демалыс орындары бар ма?

4.Сөйлемді жалғастырыңыз.

1) Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде … .

2) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы… .

3) 1920-1925 жылдар аралығында… .

4) Қазір Республикамызда 120-дан астам… .

5) Минералды сумен емдейтін санаторийлерге… .


ІІІ. ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫ

1.Мәтінді оқыңыз. Әңгімелеңіз.

Кербез Көкше

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Иісі қазақтың жер жәннаты. Осынау кербез өңірдің әр тасы киелі, әр пұшпағы қымбат. Аты аңызға айналған, талай ақын таңқалған, дүлдүл жырын арнаған Оқжетпеске қиялың жетсе де, жанарың жетпес. Қараған көз қанша аймаласа да құмары қанбас, сұлу сырдың сүлейі Мағжан, кестелі сөздің зергері Сәкен айтып тауыса алмаған көріктің, міне осы.

Сол биікке көк аспан іңкәр болса, тәкәппар Оқжетпес етегіндегі Айнакөлге қарап өз көркіне өзі құмартады. Күміс көл айнала сұлулыққа әсем жарасып, сылқ-сылқ күледі. Мөлдіреген жанары, періште көңілі кіршіксіз.

Сарыарқаның сайын даласында отау тіккен Бурабай жұмақты қиялынан іздеген қазаққа туған топырағынан табылған жерұйық. Жасыл желек, саф алтын, кербез тау қам көңілдің жұбанышы, үкілі үміттің жебеушісі, сұлулыққа іңкәр жүректің сезім тербер бесігі.



"Шеш көңілімнің жұмбағын" деп қылықты назданған Жұмбақ тас көл бетінде жеңіл жүзгендей. Ғасырларды сұқтандырған, дәуірлерді тамсандырған ерекше көрініс, өз алдына құпия әлем. Сол әлемге атам қазақтың ұлы тарихы тұнған. Көкшенің көркіне, хор қызындай жасанған келбетіне қарап аршылғың келеді, көлеңке атаулыдан арылғың келеді. Судан сапырылысқан заманның аласапыранында бір сәт дамылдағың келеді. Көкшені берген, көріктіңді берген жаратқанға мың да бір алғысыңды ағыңнан жарыла айтқың келеді. Ару Көкшедей ажарлы болғың келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет