Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет137/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   244
3– сабақ
1. Оқыңыз.


ИСЛАМ - ҒЫЛЫМТАНУ КАТАЛИЗАТОРЫ
Шын білім - кейде емес, әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әбу Насыр әл-Фараби

Ұлы бабамыз осы сөзімен он сегіз мың ғалам алдында өзінің Даналығын тағы да айғақтап берді. Аталмыш ұлы пікір айтылғаннан бері бір мың бір жүз жылдан астам уақыт өтіпті.

Иә, шынында да саналы тіршілік иесімен қаншама өткелектен өтіп, бірге жасасып келе жатқан бұл білім тарихы - адамзат тарихы. Оның басынан кешкендері - өркениет шыңының ирелең баспалдақтары.

Ғылым, білімнің "толғағынан туған шарананың" табиғатын елге ұғынықты түрде түсіндіру. Ғылым, білімнің табиғаты туралы Құранда анық жазылған.

Киелі Кітаптағы 114 -сүренің ішінде көптеген аяттары ғылым, білімге арналған. Соған қарап, "Құран - ақиқат ғылымтану оқулығы" деп қабылдаған жөн.

"Әр білімпаздан да жоғары білімпаз бар", "Көкте... көптеген ғылым, сыры әлі ашылмаған сан түрлі құпия бар. Соны зертте, кілтін тап", "Анығын айтайық, Аспанның, Жердің жаратылысында, түн мен күннің алмасып тұруында пайымдаған пендеге, әрине, айқын ғибрат бар", "Зерделі жандар... Аспан мен Жердің жаратылысына ой жібереді", "Түн мен Күннің алмасып тұруында, Көк пен Жерде жаратылған нәрселерде... ақиқатында көптеген ғаламаттар бар", "Әуелде Көк пен Жер біртұтас еді ғой..." "Адам неден жаратылғанына зер салсын"... - дегендей боп келеді.

Бұл - өркениетті тарихта тұмса табиғаттың қатпар-қатпар құпиясын ашатын білім, ғылымға меңзеу.

Ал, жалпы ғылымтану шаруашылығында Әзіреті Әлі пайғамбарымыз тек Құранның құрсауында қалып қоймайды. Әлі күнге дейін бас-аяғы түгел жиылып болмаған Хадистерінің тең жартысы ғылыми-танымдық мәселеге арналған, ғылымды насихаттауға бағышталған.

Хадистермен танысқанда көз жеткен бір нәрсе - ол адам атаулыны ғылым, білімге шақыруы. Шынын айтқанда, күні кешеге дейін кісі ойын баурап алуға жаратылған осындай оқулық-феноменнің барын біреу біліп, біреу білмейтін. Пайғамбар мұсылман дінінің мән-мағынасын одан әрі тереңдей, айқын ұғындыру үшін жаңа жанр" - Хадисті тапқан.

Хадисте Мұхаммед қолына дін, ілім шылбырын ұстағандардың моральдық бейнесіне қатты талап қойғанға ұқсайды. Ол білім игерудің қиямет-қайым соқпағын да жеңіл-желпі, "жылтыратып" көрсетпейді. Оның ұраны: "Білімді, мейлі ол Қытайда болсын, меңгер, себебі: білімді болу -әр мұсылман үшін міндет"...

Сонымен қатар, озық білім иелерінің басты парыздарының бірі - бойына дарыған білімді басқаларға сіңіруге талпыну. Оның дәлелі: "Қайырдың жақсысы - әрбір мұсылман баласының оқып, білім алуы, содан соң өз білімін бауырларына беру", "Сендердің араларыңда кімде-кім өз білімін өзгелерге үйретсе, сол ең жақсы, ең пайдалы адам болғаны", "Өз білімдеріңді өзгелерге үйретіңдер", "білім үйрену инабаттан да артық", "Әкенің баласына беретін ең жақсы сыйлығы - жақсы тәрбие", "Білімді бойына жинаған, бірақ оны өзгеге таратпаған адам пайдаға асырылмай жатқан мол қазынаның сақтаушысына ұқсайды", - дегендей жеке Хадистер боп келеді. Пайғамбар тек қана осы тәріздес Хадистерді уағыздаумен шектеліп қалмайды. Өзінің ақылына мойынсұнғысы келмегендерге басқа амал да қарастырады. Ондайларды Алламен, Құранмен қаймықтырады. Тіпті: "Өзіне қойылған сауалға қажетті жауап қайтармай, өз білімін жасырған адамға осы үшін ақырет күні отты тозақ салынады", - деп қорқытады.

2.Мәтінді мәнерлеп оқып, жаттығыңыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет