Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет65/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   244
1. Мәтінді оқыңыз.

Ұлылардың хоббиі

Әр адамның өзіне тән ерекшеліктері болады. әсіресе, қызығушылық қасиеттері. Мысалы атақты Наполеон Бонапарт қалайы солдаттардан коллекция және сағат жинаған. Ал француз кардиналы Ришелье темекі тартатын мүштектерді қалаған. Егер ол біреуден өзгеше мүштек көрсе, қанша болса да, ақша жинап сатып алған. Атақты дипломат Уинстон Черчиль ойыншық әскерлерді жинауды әдетке айналдырған. Ал қатал канцлер Бисмарк градусникті жинауды жөн көрген. Орыстың бірінші коллекционері болып есептелетін атақты І Петр сирек кездесетін ақша түрлерін, қару-жарақ түрлерін, минералдар жинап, осы жиналған бұйымдар негізінде Кунсткамера мұражайы ұйымдастырылыпты. Рональд Рейган әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинауға әуес болса, жұбайы Нэнси діни мерекеде бір-біріне сыйлайтын түрлі-түсті жұмырқаларды жинаған. Михайл Булгаков өзі барған театрының билетін сақтаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Ғабең – Ғабит Мүсірепов көзі тірісінде неше алуан таяқ жинаған.



2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.

Мысалы, Ғабит Мүсірепов таяқ түрлерін жинаған.




  1. Наполеон Бонапарт 1. жұмыртқа

  2. Ришелье 2. ақша, қару-жарақ, минералдар

  3. Уинстон Черчиль 3. мақал-мәтелдер

  4. Бисмарк 4. қалайы солдат, сағат

  5. І Петр 5. театр билеті

  6. Рональд Рейган 6. оттық

  7. Нэнси 7. ойыншық әскерлер

  8. Михайл Булгаков 8. градусник

  9. Дінмұхамед Қонаев 9. темекі мүштегі




  1. Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.

  2. Мәтінді оқып шығыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет