Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет62/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   244
VI. БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

1-сабақ
1. Берілген сөз тіркесінің мағынасын түсініңіз

Адам ағзасы, ағзаның оттегімен жабдықталуы, дене жаттығулары, сымбатты да ширақ дене мүсіні, дене жүктемесі, спортпен шұғылдану, адам өмірін ұзарту, үндестік таба білу.


1. Бос уақыт дегенді қалай түсінесіз?

2.Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы баяндаңыз.


2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.

Үзілісте

Дина: Осы сенде бос уақыт бола ма?

Ильяс: Бос уақыт дегенде мен жұмыстан, сабақтан басқа уақыттарды ресми түрде солай атайды деп түсінемін. Менде бос уақыт мүлде жоқ десе де болады.

Дина: Менде солай түсінемін. Сабақтан босай қалсаң кітапханаға барасың, басқа да шаруаларың толып жатыр.

Ильяс: Менің кешкі уақытым теледидар көрумен кетеді.

Дина: Мен көбіне кітап, газет-журнал қараймын.

Ильяс: Теледидардан көп жаңалықтар естисің, демаласың. Кейде интернетпен жұмыс істеймін.

Дина: Білмеймін, менің ойымша теледидар, бейнетаспалар, компьютерлік дискі, интернеттің кең таралуына қарамастан кітап жеке адамның рухани өсуінде маңызды құрал болып қала бермек. Тіпті компьютерлік технология ғасырында кітапты ешнәрсе ауыстыра алмайды.

Ильяс: Әрине, оған дауым жоқ, бірақ мен компьютер немесе теледидардан бір нәрсе көру керек болса, жібере алмаймын. Содан кітапқа уақыт қалмай да қалады.

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме?

Студенттер: Сәлеметсіз бе?

Оқытушы: Мен сіздердің топты іздеп жүрмін. Сабақ аяқталған соң спорттың пайдасы жөнінде маман дәрігермен кездесу болады. Сұрақтарыңызды дайындап, міндетті түрде №2 оқу залына келулеріңізді сұраймыз..

Студенттер: Жарайды, Кенжебек Сағиұлы келеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет