5. Сөйлемдерді аяқтаңыз
а) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі – ...
ә) Шешендік өнер өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ...
б) Шешендік өнер дарыған кісі ...
в) шешен сөйлей білу
6. Берілген қысқаша әңгімелерді оқып, шешендік сөздердің мағынасын, құрылымына назар аударыңыз.
Байдалы шешен
Атағы көп елге тараған Байдалы шешен кедейлікпен өмір сүріпті.
Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, ол үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы:
– Биім-ау, мұның қалай? Өзіңді болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, құрбан шалмадыңыз? – деп ақыл үйреткен екен.
Сонда Байдалы былай депті:
– “Сөйлемесе, сөздің атасы өледі? Деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса, көрмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал – аспандағы мал. Інідегі мал – індегі мал. Баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қайыршы, ал ұрлаған адам – қарақшы. Ұяты жоқ адамнан алып борышты болғанша, алмай құдайдың өзіне-ақ борышты болайын деп құрбан шалмағаны рас, – деген екен.
құрбан шалу – жертвоприношение
ұят болады – стыдно
саңырау – глухой
соқыр – слепой
ін – нора
қайыршы – нищий
қарақшы – вор
борыш –долг
Сырым әңгімесі
Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып, далада тұрған хан баланы шақырып алып:
– Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді? – дейді.
– Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреулердің малы мен ақысын жеу ұрлық, – деп жөніне жүре береді.
бір құшақ – связка
кемдік – недостаток
есі кету – терять разум
олжа – добыча
нұрлық – благо
ақы – плата
ұрлық – воровство
Достарыңызбен бөлісу: |