Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз



бет93/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

  1. 1955 жылы Қазақстанда қандай туристік компания құрылды?

  2. Туризм туралы Заң қай жылы қабылданды?

  3. Туристер Алматы қаласына қай жылдан келе бастады?

  4. Тарихи мекендер мен ескерткіштер қай жерлерде орналасқан?

  5. Туризмге шыққанда өзіңді қалай ұстауың керек?

  6. Өздерің тұрған жерде табиғаттың қандай әсем жері бар?

  1. Қазақстан туризмінің болашағы туралы сұхбат құрыңыздар?


Тыңдайық!

10. Мәтінді тыңдап, өз пікіріңізді қосыңыз.

11. Статистика ұйымдарының көрсеткіштері бойынша Қазақстанға келген туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсету туралы мәлімет жинап, одан түсетін пайда көлемін есептеңіз?

12. Төмендегі кестені толтырыңыз.





Туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді

2000-2003

2004-2006

Адам саны

жалпы көлемдегі бөлігі %

адам саны

Жалпы көлемдегі бөлігі %

Кіру туризмі













Шығу туризмі













Ішкі туризм













Барлығы














13. "Қазақстандағы туризм ошағы" тақырыбына шығарма жазыңыз.

СӨЗЖҰМБАҚ






Қ

а

р


қ

а

р

а

с

а

р

Ы

А






















З































А

























Қ






















к




С




























Т



















б

е

т

Б

А






















б

а

Я

Н




















1. Мәди әніндегі жер атауы.

2. Орталық Қазақстанның даласы.

3. Шығыс Қазақстандағы көл

  1. Маралды аймақ

  2. Құрлықтағы жалғыз теңіз

  3. Ойпатқа қарама-қарсы жер

  4. Киіктің мекені

  5. Баян сұлу атымен аттас жер атауы

  6. Астананың бұрынғы атауы


Оқыңыз қызық!

...Уақыт пирамидадан қорқады



Тутанхамон қабірінің құпиясы

Ең сұмдығы, пирамида қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдар, зерттеушілер, археологтар бірінен соң бірі қайтыс бола берген. Әуелде тас мүсінде вирус бар деп саналғанмен, соңынан эпидемиологтар, дәрігерлер ешқандай вирус таба алмаған. Сөйтіп, түсініксіз опатқа «перғауынның қарғысы, кегі» деген ат берілген.Ежелгі перғауындар жайлы сөз болғанда Тутанхамон қабірінің құпиясын ашқан Говард Картердің экспедициясына тоқталмай өту мүмкін емес. Ұзыннан-ұзақ созылған дәліз, көп есіктер. Говард ең негізгі есікті ашып, бөлмеге енгенше көп сандалды. Қолындағы шырақпен арлы-берлі ұзақ жүрді. Әрбір есікті ашқан сайын көзге түсетіні тас еден, тас қабырға, бос бөлме... Кенет ауыр есікті күшпен итеріп ашқан Говард табалдырықта тұрып қалды. Сөйтті де тез ішке еніп кетті. Баспалдақтан түсіп келе жатқан Лорд Карнарвон мен Эвелин Герберт «Сіз бір нәрсе көрдіңіз бе? Неге үнсіз қалдыңыз?» деп жарыса сұрады.

— Иә, – деп жауап берді Говард қуанышпен, — шынында да ғажайып дүниелерге тап болдым.

Картер тапқан саф алтыннан жасалынған дүниелер, бастан-аяқ алтынмен апталған Тутанхамон мен оның әйелі Анхесенепаамонның және балаларының денесі табылған бұл қабір 3300 жыл бойы жұмбақ болып келген. Осынау ұшан-теңіз байлық келе-келе ұлы өнер туындысына айналды.Картер сол кезде өзінің үлкен жаңалық ашқанын білмеді. Бұл оның ең соңғы экспедициясы еді және аталған сапар оны шексіз атақ-даңққа бөлеп кетті. Алайда, Тутанхамон қабірін қазып, ондағы мол қазынаны мұрағатқа өткізіп, абыройы асқақтаған Говард Картер ... екі аяғынан бірдей айрылып, мүгедектер арбасына таңылып қалды. Терісі түгелдей зақымданып, шашы мен тырнақтары да өз-өзінен түсе бастады. Ағзасы жартылай уланған Говард тек дәрі-дәрмектің көмегімен ғана тірі жүрді. Қалған өмірі нақ тамұқтың өзіне айналғандай еді...Ежелгі перғауындардан қалған мына бір сөз кімнің де болсын үрейін ұшырары сөзсіз: «Кімде-кім мәңгілік тыныштығымызды бұзар болса, оның жазасы тек өлім!»



«Евразия» газеті, 19 (126), 11.05.2007ж.
Авторы: Айгүл ӘЖІБАЕВА

3-сабақ

Қазақстанның тарихи орындары
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Түркі өркениеті дегеніміз не?

2) Жалпы түркі өркениетіне қызмет жасаған қандай ойшыл ғалымдар мен жазушыларды білесіз?

3) Тәңірлік наным-сенімді қалай түсінесіз?

4) Тәңіршілдік пен ислам дінін қалай байланыстыруға болады?

2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз.

1) Аймақ, тас дәуірі, әуелгі, билеуші, жаулаушылық, атақ-даңқ, өркендеу, ұлан-байтақ, жіктеу.

2) Алғашқы, дәреже, даму, тас заманы, өлке, ұланғайыр, басқарушы, бөлу, шапқыншылық.

3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі: ұлан-байтақ жер, жоңғар шапқыншылығы, …



4. Жақшадағы сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз:

– Түркістан төңірегінің бұрын қалай аталғанын білесің бе?

– Жоқ.

– Шауғар (өлкесі) атанған



– Түркістанның (дамуына) не әсер етті деп ойлайсың?

– Бәлкім, Иассауи кесенесінің болғандығынан шығар.

– Иә, дұрыс айтасың. Сондай-ақ қала (ұлаңғайыр) жерді алып жатты, әрі Жібек жолының бойында орналасқан еді.

– Түркістан қаласының ежелгі тарихын білесің бе?


  • Иә, Түркістанның төңірегінен (тас заманының) ескерткіштері табылғаны туралы естігенмін.





  1. Мәтінді оқыңыз.

Түркістан

Түркістан, Иасы-Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. ХV-ХVІІ ғасырларда зираттың төңірегінде ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға сұлтан Бегім (ХV ғ.), Есім хан (ХVІІ ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. ХVІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-1864 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайда Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.

(Ұлттық энциклопедия)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет