ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж



бет26/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
6.3 Полимерия

Полимерия – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулерінің тағы бір түрі. Қандай да болсын бір белгінің көрінуіне бірігіп әсер ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал ондай гендердің өзара әрекеттесуін полимерия деп атайды.


Мысалы, құрамына екі жұп доминанты гендер енетін зиготаны – А1А1А2А2 дигетерозиготаны - А1а1А2а2, ал сол гендер бойынша рецессивті форманы а1а1а2а2 деп белгілейді. Полимерияға мысал ретінде жұмыршақ (тұмар шөп) жемісі (бұршаққын) пішінінің тұқым қуалауын қарастыруға болады. Бұл бұршаққындар үшбұрышты немесе сопақша болады. Сопақша бұршаққындар аллельді емес екі рецессивті гендер гомозиготалы болса ғана (а1а1а2а2) пайда болады. Доминанты аллельдердің (А1 және А2) екеуі тіпті олардың біреуінің ғана генотпте болуы бұршаққынның үшбұрышты пішінің дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан үшбұрышты бұршаққынның пайда болуын анықтайтын генотипі А1А1А2А2 өсімдіктерін сопақша бұршаққынның пайда болуын анықтайтын генотипі а1а1а2а2 өсімдіктерімен будандастырса, Ғ2 - де үшбұрышты және сопақша бұршаққындар 15:1 қатынасында түзіледі (15/16 А1--- және --А2- : 1/16 а1а1а2а2). Бұл мысалдар әр жұпқа жататын екі геннің доминантты аллельдері А1 жәнеА2 бірдей белгінің - бұршаққынның үшбұрышты формаларының дамуын анықтайды. Осындай ұқсас фенотиптік көрініс беретін аллельді емес гендер бір мағналы гендер деп аталады. 15:1 қатынасындай болып ажырау біріңғай әсер ететін екі геннің (А1 А2) болатындығымен түсіндіріледі. Сонда барлық генотиптер: А12- , А12а2 , а1а1А2- біркелкі фенотиптік сипатта – үшбұрышты бұршаққынды болады. Плолимерлі гендердің мұндай әрекетін кумулятивтік емес полимерия деп атайды. Сонымен қандай да болсын бір белгінің көрінуіне (қалыптасуына) бірігіп әсер ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал ондай гендердің өзара әрекеттесуін полимерия деп атайды. Полимерия көбіне сандық белгілерге әсер етеді. Ондай белгілерге фенотиптік кластарға дәл бөліп жіктеуге болмайтын, тек өлшеу, санау, талдау арқылы ғана баға беруге болатын белгілер (биіктік, масса, өсу жылдамдығы, өсімталдығы т.б.) жатады.
Полимерлі гендер принциптері бойынша тұқым қуалауға тағы бір мысал ретінде адам терісі түсінің ақтан (альбинос) қараға дейінгі аралықта болатындыгыі айта кеткен жөн. Егер негр мен ақ түсті адам некелессе, олардан туатын баланың түсі аралық сипат алады, яғни мулат туады. Ал мулаттар некелессе олардан туатын балалардың терісінің түсі ақ пен қараға дейінгі аралықта болады. Ақ және қара нәсілді адамдардың терілерінде пигмент түзілуіндегі айырмашылық үш немесе төрт түрлі аллельді гендердің әрекетіне байланысты деген ұғым бар.

9 - кесте – Гендердің өзара әрекеттесуінің әртүрлі типтері жағдайында Ғ2-дегі дигибридті фенотиптік кластарының арақатынасы



А және В гендерінің әрекеттесуілері

Генотиптер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет